8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 2150 0
Жалын

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРДЫ

«Адалдық» туралы жиі айтамыз. Әйткенмен, осы ұғымның мағынасына терең үңіліп жүрміз бе?  «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жас ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп лагерінде осы тақырып кеңінен талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен өткен шарада қалалық «Атамекен» лагерінің демалушыларына департамент басшысы Р.Ақмырзаев, ҚР «Үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісінің иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының профессоры М.Нұртазин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары О.Насимуллин және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин дәріс жүргізді.

Жас жеткіншектермен кездесу шарасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев ашып, жемқорлық деңгейін төмендету мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастырудағы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, ерте жастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеудің маңызын атады. Осы орайда сөз алғандар дамыған ел қатарына енуде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының деңгейін төмендету негізгі міндет екенін және оған әр адамның үлесі болуы керектігін жеткізді.

– 250 жыл бұрын АҚШ президенті болған Авраам Линкольн баласын мектепке бергенде білім ұясының директорына хат жазған. Хатында баланы еңбекқорлыққа, өзгелерді сыйлауға үйретуін сұрап, «Еңбекпен тапқан 1 доллар көшеден тауып алған 5 доллардан қымбат, берекелі екенін санасына сіңіріңіз» деген екен. Бұл мысал арада екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, мәнін жоғалтқан жоқ. Адал еңбек қана бізді биікке жетелейді. Абай атамыз қара сөздерінде көптеген мәселелерді көтеріп, біздің кейбір азаматтарымыздың еріншектігі туралы айтып, өкінішін білдіреді. Шәкәрім Құдайбердіұлы адам баласына мінез-құлық қалай бітсе, тағдырына соның әсері болатынын айтқан. Бойларыңызға адамгершілік, адалдық қасиетті жиып, мінез-құлықтарыңызға үйлестіре білсеңіздер қоғамның парасатты перзенті болатындарыңызға сенемін, – деп кеңесін берді мемлекеттік қызмет саласының ардагері Мирболат Нұртазин.

Кездесу аясында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет барысы туралы баяндалды. Осы ретте балғындар «Адалдық» ұғымы туралы өз ойларын бөлісті. Парасаттылықты қалыптастыру, адал жолмен табысқа жету мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойып, сала мамандарының кеңестері мен ой-пікірлерін тыңдады.

Шара соңында дәріске қатысқан жеткіншектерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп лагеріне қатысқанын растайтын сертификат табысталды.

Айта кету керек, жастар мен жасөспірімдерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жұмыстары өңірдегі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесінде, оның ішінде тәрбие сағаттары, кездесулер, байқаулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынған бастамалардың бірі – «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын ұйымдастыру. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сандуғаш Сайынқызының мәліметінше, қазіргі уақытта облыс мектептерінде 309 клуб құрылған.  «Адал ұрпақ» қатарында 5406 ерікті бар.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
189 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
376 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
626 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
706 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
810 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
817 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
838 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
854 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
953 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1494 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1378 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1484 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1477 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1606 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1651 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1597 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1607 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1714 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2171 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»