«ЖАС САРБАЗ» ПАТРИОТТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚР Қорғаныс министрлігі және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі арасында әскери-патриоттық тәрбие ісі саласындағы және өзара іс-қимыл туралы үшжақты меморандум жасалды.

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жас сарбаз» балалар-жаөспірімдер бірлестігін құру басым бағыттардың бірі ретінде тапсырды. Былтыр ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-париоттық орталығында өткен іс-шарада республикалық жасөспірімдер қозғалысы құрылып, Н.Назарбаев қозғалыстың құрметті төрағасы болып тағайындалды. Осы шарадан соң оқушылар мен жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, оның ішінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестіктің өңірлік филиалдары құрылып, нақты жұмыс басталды.
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрғанын атап өтті. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Енді біздің міндетіміз – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, – деп атап өтті жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық клуб және әскери-патриоттық сыныптар ашылған. «Жас сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр. Жиында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери-патриоттық тәрбиені күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
– Біздің алдымызда өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әскери-патриоттық қызметімізге көбірек тарту міндеті тұр. Біріншіден, өскелең ұрпақ әскери іс туралы базалық білім алуы керек. Олар физикалық дайындалған еліміздің патриот азаматы болып өсуі тиіс. Екіншіден, елімізде әскери білім алған резерв болуы керек. Үшіншіден, жастар бос сенделіп жүрмей, спортпен айналысып, техниканы, ақпараттық-технологияны меңгеріп өссе, бәсекеге қабілетті ел боламыз. «Мәңгілік ел» жастарының болашағы баянды, ұлы дала әскері қуатты болсын, – деген Нұрлан Байұзақұлы облыс басшысы Алтай Сейдірұлының адал, абыройлы еңбегімен еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқанын, өңірде жастарға арналып салынып жатқан әлеуметтік нысандар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде маңызы зор екенін атады. Сондай-ақ министр өңірдің ауылдық елдімекендерінде әскери-патриотық сыныптардың ашылуына және тиісті педагогикалық кадрлармен, материалдық-техникалық құралдармен, тәрбиеленушілердің бірыңғай әскери-патриоттық формамен жабдықтауға қолдау көрсетуді сұрады.
БҚО әкімі Алтай Көлгінов министрдің ұсынысын қолдайтынын және әскери-патриоттық қозғалыс жұмысын кеңінен насихаттау, ауылдық аймақтарда клубтар мен сыныптар ашу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамту жергілікті әкімдіктермен бірге іске асырылатынын жеткізді.
«Жас сарбаз» клубтарына 5-9 сынып аралығындағы денсаулығы бойынша тексеруден өткен, білім мен спортта белсенді жасөспірімдер қабылданады. Сүзгіден өткен таңдаулылар жинақталған «Жас сарбаз» сыныптарының сабақтары қосымша оқу ретінде жүргізіледі. Оқу курсын аяқтаған соң тәрбиеленушілерге сертификаттар беріледі. Бұл болашағын әскери саламен байланыстыруға ниетте жастарға оң септігін тигізері анық.
– Мақсатымыз – жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын тәрбиелеу. Қазір облысымызда 277 «Жас сарбаз» клубтары жұмыс жасауда. Онда 97 мың тәрбиеленуші жинақталған. Олар өңірдегі әскери-патриоттық шараларға қатысып, белсенділіктерін танытып жүр. 14 маусымнан бастап жеткіншектеріміз республикалық «Айбын» жарысына қатысады. Жаңа оқу жылында аудандарда және облыс орталығында жалпы 15 «Жас сарбаз» сыныбы жұмысын бастайды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру әр адамның парызы. Өйткені, әскери-патриоттық тәрбие тек әскери тәртіпке емес, білімге, достыққа, тапқырлыққа жетелейді, – дейді «Жас сарбаз» қоғамдық бірлесітігі БҚО бойынша филиалының төрағасы Шафхат Жұмалиев.
Меморандумға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды. Шара соңында Нұрлан Байұзақұлы облыс басшысы Алтай Сейдірұлына «Жас сарбаз» төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу