8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 1712 0
Жалын

Жас полиглоттар жаңа белестерді бағындыруда

Бірнеше шет тілін қатар меңгеру  қазақстандық мектеп оқушылары үшін қалыпты жағдайға айналды, өйткені тіл білудің көптеген артықшылығы бар, сонымен қатар дүниетанымды кеңейтіп, қарым-қатынас дағдыларын дамытады.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының неміс тілін меңгеріп жатқаны бірінші жыл емес. Бірнеше ай бұрын олар неміс тілінде сауатты жазуды насихаттау мақсатындағы «Tolles Diktat» халықаралық акциясына қатысты. 11-сынып оқушысы Тимур Булатов Қазақстанды лайықты түрде таныстырып,  бірінші орын алған болатын.

Осы аптада Тимур тағы бір жеңісімен қуантты, ол Қазақстандағы Гете институты ұйымдастырған неміс тілінен республикалық олимпиадада екінші орынды иеленді. Биыл олимпиада пандемияға байланысты  онлайн режимде өтті, қатысушылар тест тапсырып, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Бірінші орынды жеңіп алған қатысушының нәтижесінен сәл ғана аз ұпай жинаған оралдық зияткер неміс тілі бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысу резервіне енді.

Тимур  жеті жұрттың тілін меңгеруді армандайды. Қазір ағылшын тілінен басқа неміс және жапон тілін үйреніп жүр.

– Жапон тілін меңгеруді хоббиім деп айтар едім, жаңа нәрсені үйрену  маған қуаныш сыйлайды. Мен тіл үйрену барысында бәрінен бұрын сөздік және оқу дағдысына мән беремін, өйткені бұл тілдің маңызды бөліктерінің бірі деп ойлаймын, –  дейді ол.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»