8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 1884 0
Жалын

ЖАС ДЕЛЕГАТТАР БҰҰ ҮЛГІСІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде БҰҰ үлгісіндегі ІІ аймақтық конференция өтті. Қала білім ошақтары, Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің және оралдық зияткер оқушылар «Баламалы энергия көздері» және «Босқындар» мәселелерін талқылады. Шара ағылшын тілінде өтті.

25 елдің өкілдері ретінде жұмыс жасаған олар БҰҰ моделінің форматына сәйкес мүдделес мемлекеттер ретінде бірігіп, мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

Қатысушылар баламалы энергия көздерін пайдаланудың қажетті тетігін әзірлеуде елдер арасындағы ынтымақтастықтың жоқтығы туралы мәселені атап өтті. Олардың тарапынан жасыл энергия көздерін пайдалануды мықтап қолға алған Германия мен Норвегияның тәжірибесін алу, осы мәселеде нақты іспен айналысып жүрген азаматтарға сыйақы беру сияқты ұсыныстар берілді. Босқындар мәселесінде бірлесе отырып оларға арнап лагерьлер салу мүмкіндігі айтылды.

– Конференция оқушыларды жаһандық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуға үндейді. Келіссөздер жүргізу қабілеттеріне, маңызды мәселелерді шешу жолдарын таба білуге баулиды. Олар түрлі дереккөздермен жұмыс жасап дағдыланады, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектеп мұғалімі Орал Қыдыршаев.

Конференция соңында қатысушылар түрлі аталымдары бойынша марапатталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»