ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ЖАҢАШЫЛ СЕРПІЛІС

Сандуғаш Сағидуллиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты:
– Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен Жастар жылының салтанатты ашылуына орай өткен форумда мемлекет басшысының Үкіметке нақты тапсырмалар бергені барша жасқа қуаныш ұялатқаны айқын. Солардың бірі өнертапқыштардың өрісін кеңейтіп, ғылымға терең бойлағандарға қолдау көрсету. Ол үшін ел қазынасынан жыл сайын 3 млрд теңге бөлінетін болады. Президент өз сөзінде: «Жас ғалымдарға өз идеясын шынайы жобаларға айналдыруда көмектесу керек. Өзім тура осы мәселемен айналысуды көздеп отырмын. Үкіметке осы жұмысты арнайы бақылауға кеңес беремін» деген. Демек, өзім қадам басқан әдебиет ғылымы әлемінде де жас ғалымдарға өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туды деп ойлаймын.
Дана Абай сонау ХІХ ғасырда «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз…» деп елді алға жетелейтін ғылым екендігін өткен ғасырда да айтқан болатын.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша үздік деп танылғандардың көбісі жас ғалымдар екені көпті қуантары сөзсіз.
Елбасының өз қамқорлығына алған жас ғалымдарға жүктелген міндетті біздер, еліміздің әр өңіріндегі ғылымға аяқ басқан жас буын елімізге табыс көзі боларлық, әлемдік жаһанға атымызды шығарар жобалармен, тың идеялармен, ғылыми айналымды жаңа жас есімдермен толықтыруымыз керек.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу