ЖАРЫҚТЫҢ БАҒАСЫ ҚАЙТА ҚЫМБАТТАДЫ
БҚО-да электр энергиясының тарифі 1 қыркүйектен бастап, 1 теңгеге қымбаттады. «Батысэнергоресурс» ЖШС өкілдері оның себебін кәсіпорынның қарызға батуымен байланыстырады.

Естеріңізде болса, тариф құны үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының тапсырмасына сәйкес 1 теңгеге арзандаған болатын. Бағаның бір теңгеге төмендеуінен коммуналдық мекеме 700 млн. теңгеге шығынға батқан-мыс. Тұтынушылар күзден бастап сағатына – 11,5 теңге төлейтін болды. Бұл өткен жылдың соңына дейінгі қалыптасқан баға. «Батысэнергоресурс» ЖШС бас директоры Дина Ғалиметденова бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын мәлімдеді. – Қазір кәсіпорынның серіктес мекемелерге берешегі – 700 млн. теңгені құрайды. Бұдан бөлек бірнеше жарық тарату стансаларына екі айдан бері қарызымызды өтей алмай келеміз. Сол себепті 1 теңге тарифті қайта өсірдік. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық тудырады деп ойламаймыз. Бұл қымбаттау емес, тек бұрынғы тариф құнын қайта қалпына келтіру болып табылады, – деді серіктестік директоры. Бұрынғы бағаға қайта оралу арқылы кәсіпорын осы уақытқа дейін қордаланған қарызды өтейтініне сенімді. Айта кеткен жөн жарық бағасы бюджеттік ұйымдар мен кәсіпкерлік субьектілері үшін өзгеріссіз қалды. Табиғи монополияларды реттеу басқармасының мамандары коммуналдық тарифтің қымбаттауы арнайы заңмен реттелетінін мәлімдеді. Яғни, «Батысэнергоресурс» ЖШС өз бетінше жарық бағасын көтерді. Бұған заң бойынша рұқсат бар. Ал өзге коммуналдық мекемелерден әзірге тариф құнының қымбаттауы туралы өтініш агенттікке түспеген. Естеріңізде болса, осыдан бірер апта бұрын шығынға батқан «Орал таза сервис» ЖШС өкілдері де тариф құнының қайта қарау туралы ойларын ортаға салған еді.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу