8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 1636 0
Өзек

ЖАРАҚАТПЕН КЕЛГЕНДЕР САҒАТТАП КЕЗЕК КҮТЕДІ

Маман тапшылығы облыстық клиникалық аурухананың жарақат бөлімінде көптен байқалып жүрген мәселе.  Әсіресе, биылғы қыста ауа-райының сан құбылуынан көк мұзға тайып, қол-аяғын майып қылғандардың ұзын-сонар кезекке тұрған күндері аз емес. Бұл, «маусымдық жағдай» деп түсіндіреді мұндағы дәрігерлер.  Дегенмен, алған жарақаты жанын қинағанда күтудің өзі ауруды еселеп жібереді емес пе?!

Облыс орталығында жаңа қалалық көпбейінді аурухананың ашылғанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан  шұғыл қызмет көрсету екіге бөлініп отыр.  Аптаның үш күні қалалық көпбейінді аурухана базасында сынып келгендерге, басқа да жарақаттанушыларға көмек беріледі. Осындай жағдай аптаның қалған төрт күнінде облыстық клиникалық ауруханада қабылданады. Осы жылдың алғашқы тоқсанында облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 13 152 адам келген, 5 152 азамат жарақат бөлімінің көмегін алған. Бөлім меңгерушісі Ақылбек Бақаевтың сөзінше, мұнда шұғыл күндері тәулік бойы травматолог болады. Барлығына көмек көрсетіліп, жағдайларына қарай ем алулары үшін жергілікті емханаларға жолданады. Ал ауыр жарақатпен келгендер травматология бөлімінің қабылдау бөлімшесі арқылы қабылданады. Келушілердің күтіп қалулары жиі болатынын бөлім меңгерушісі де растап отыр.

– Шұғыл көмекті қажет ететіндерге дереу көмек беріледі.  Екі травматологымыз бар. Биыл қыста көктайғаққа жығылғандар көп түсті. Мәселен, бір күнде 100-ден аса адам келеді. Оның 80 пайызы мұзға құлағандар. Ауыр жағдайда келгендерді шұғыл бригадамен дереу отаға, реанимацияға жеткіземіз. Ауруы орташа немесе қанағаттанарлық дәрежелі аурумен келгендердің күтіп қалатынын жоққа шығармаймыз.  Жыл сайын қар түсіп, көктайғақ басталғанда мұзға құлағандар қатары көбейеді. Әрі биыл жылдағыдан артқанын атап өту керек, – деді А.Бақаев.

Сырқаттанушылар дәрігердің қарағанын күткені бір бөлек, рентген түсіретін кабинеттің алдында тағы отыруға мәжбүр. Қабылдау бөліміне келгендер де, жарақатпен түскендер де осы кабинеттен өтеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, жарақат бөліміндегі рентген құрылғысы 2017 жылы қойылған жаңа аппарат. Кореядан жеткізілген. Дегенмен, келушілер артқан кезде басқа корпустағы рентген түсіру аппараты қосымша пайдаланылады.

– Науқастардың күткісі келмейтінін жақсы түсінеміз. Бір уақытта 30 адамнан түскен жағдайлар болды. Әрқайсысына бір-бір дәрігерден бекіту мүмкін емес, – деп толықтырды бөлім меңгерушісі. Бүгінде бұл бөлімшеде төрт хирург, екі травматолог, бір терапевт және жақ-бет сүйегі хирургы, нейрохирург, лор, уролог дәрігерлері жұмыс істейді. Әйткенмен, олардың барлығы жүктемемен жүргенін атап өту керек. Яғни, бөлімшеге қосымша мамандар қажет. Тар шеңберлі мамандарды толықтыру маңызды болып тұр.

–  Травматолог, терапевт, көз дәрігері, лор қажет. Маман тапшылығын шешу мақсатында жұмыстанудамыз. Қазір резидентура ашылды. Онда түскендер үш жыл көлемінде оқуы тиіс.  Ақтөбеде нейрохирург, травматолог мамандығы бойынша оқып жатқан мамандарымыз бар, – дейді Ақылбек Әділханұлы.

Сондай-ақ бөлім меңгерушісі қабылдау бөлімшесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін хабардар етті.

Дәл осы мәселемен қалалық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне де бас сұқтық. Биылғы жылдың үш айында бөлімше 3099 адамды қабылдап, көмек көрсеткен.

   

– Жарақатпен түскендер мамандардың тексеруінен кейін рентген, компьютерлік томография зерттеулеріне жіберіледі. Қажет болған жағдайда басқа да зерттеулер жүреді. Денсаулық сақтау министрінің №450-ші бұйрығына сәйкес, ауыр, орта ауыр және орта деңгейдегі аурулар іріктеліп, рентгенге түсуге жіберіледі. Екі рентген, бір компьютерлік томография құрылғысы бар. Барлығы заманауи, соңғы технологиямен шыққан жаңа аппараттар. Қабылданушылардың күтіп қалу жағдайларына жол бермеуге тырысамыз. Қандай да бір сыну, нейрохирургиялық жарақаттар анықталса, стационарға жатқызылады. Биыл жарақаттармен қабылдауға келгендер өткен жылдардан шамамен бес пайызға арта түсті, – деді жұмыс барысы туралы түсіндірген ауруханадағы жарақат бөлімінің меңгерушісі Рашид Мұхтарұлы.

Бұл бөлімшеде мамандар толық жеткілікті. 26 білікті дәрігер-маман жұмыс жасайды.

Қазір жыл басына қарағанда жарақат бөлімінің екеуіне де келушілер азайған. Дегенмен, бау-бақша маусымы басталысымен аяқ-қолдарын кесіп алғандар, жәндіктердің шағып алуы жағдайымен түсетіндер көбейетіні белгілі. Демек, жарақат бөлімінің жұмыс жүктемесі төмендемейтіні анық. Бұған қоса, оқырмандар тарапынан  редакциямызға келіп түскен кейбір хаттар мен сын-ескертпелер де  нәтижесін берсе екен дейміз.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
91 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
431 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
523 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
766 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1034 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1261 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1300 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1450 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1648 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1875 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1961 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2073 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2078 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2112 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2112 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2218 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»