8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2020 1529 0
Қоғам

ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫН «ӨЗГЕ ҮЙДЕН» ТАПҚАНДАР…

         Ақпанның 21-і күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Оралдағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге барып, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Мұнда жан тыныштығын өз үйінен емес, «өзге үйден» тапқандар тым көп екен?!          

Мекеме директорының орынбасары Қаршыға Жолдасқалиевтың айтуынша, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Орал қалалық медициналық-әлеуметтік мекемесін бүгінгі күні барлығы 542 жан паналаса, соның 245-і тағдыры әр қилы қариялар.  Алдымен комиссия  өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Гаврриил Чуб пен еңбек және тыл ардагері Ғайса Сәрсембиевтің жағдайын сұрады. Гавриил ардагер мұнда 82 жасында кездейсоқ отбасы жағдайына байланысты уақытша келгенін айтып күрсінді. Содан бері аттай 13 жыл өткен. Биыл тоқсан бес жасқа толғалы отырған ақсақал нағыз зейнеткерлер – еңбек ардагерлері деп, бірақ олардың басым көбісі арамызда жоқ екеніне налиды. Сегіз жыл әскерде, 50  жыл партия комитетінде қызмет еткен қарияның жадында сұм соғыстың әр күні жаңғырып тұр. Ақсақал осы қарттар үйіндегі  көмектің кеңдігіне дән риза.  Әлеуметтік қызметкерлердің үнемі жанынан табылып, бәйек болып шауып жүретінін айтып,  ағынан жарылған қария жастарға мейірбан болуға кеңес берді.

Мекемеге кіреберістегі пандустардың сапасының нашарлығы, көлемінің тарлығы комиссия мүшелерінің назарына бірден ілікті. Әйтсе де арбадағы жандар «пандус ешқандай кедергі келтірмейді, ыңғайлы» дейді.  Арбаға таңылған жанның бірі – С.Қазтуғанов  Сырым ауданынан осында 2007 жылдың наурыз айында келіпті.

– Жұмыста жүріп, трактордың жинауыш-пресіне түсіп қалып, қолымнан айырылдым. Арада алты жыл өткен соң инсульт соғып, денем жансызданып, сөйлей алмай қалдым.  Ата-анам ертеректе қайтыс болды. Жастықпен қателесіп, жұбайыммен ажырастым. Екі рет шаңырақ көтердім. Бір ұл, екі қызым бар. Хабарласып тұрамын. Қазір сөйлей аламын. Жайлап жүремін. Балаларым жиі келіп тұрады, – деді елуді еңсерген азамат өмірін өзі құртып алғанына өкініп…

Ережеге сәйкес, зейнетақының 70 пайызы орталықтың шотына түседі. Ал зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қолында тиісінше 36-29 мың теңге қалады. Олар бұл ақшаны өз еркімен жұмсай алады. Ал қарттар үйін бір жылдан бері мекендеп келе жатқан Леонид Еремеев бұл ережеге қарсы, қарттарға бұдан да жақсы жағдай жасалуы керек деп ойлайды.

–  Жасым – 62-де. Бізді дәруменді тағамдармен  тамақтандырып, жақсылап емдеуі тиіс. Зейнетақымыздың 70 пайызы ұсталады. Не үшін? Өзім ІІІ топ мүгедегімін. Қолыма небары 31 мың теңге аламын. Жүрегім сыр беріп жүр. Ақшам қажетті дәрі-дәрмек алуыма жетпейді. Мұнда тұрып жатқаныма бір жыл болды. 35 жыл Бөрлі ауданында дәнекерлеуші болып еңбек еттім. Абайсызда қолымнан айырылып қалдым. Үйсіз-күйсіз қалған соң,  Ақсай қаласынан амалсыз осында келдім. Балаларым көмектесіп тұрады, –  деген Леонидтің Үкіметке өкпесі қара қазандай.

Жәнібек ауданында туып-өскен Максим Жұмағалиевтың қарттар үйін паналағанына 16 жыл болыпты. Балалары Астана қаласына қоныс аударған.  Балалары туралы сөз қозғала қалса  оларға шаң жуытпайды. Ақсақал бар уайымы ата-анасының суреті мен құжаттарын жинақтау екенін айтып,  партия өкілдерінен көмек сұрады.

Қарттар  үйінде отбасын құрған бес жұп тұрады. Орталықта  табысып, қол ұстасқан жұптардың бірі – Марат пен Рәзия. Бұл  екеуінің  сыйластықтары  осы ғимаратта басталып, биыл шаңырақ көтерген. Сырым ауданының Жетікөл ауылынан  келген Рәзия Серікқалиева отбасылы жандарға мұнда бар жағдай қарастырылғанын, қазір осы өміріне риза екенін айтады. Сол секілді  Александр Сареев пен Гүлнәр Айдарғалиева өткен жылы көпшіліктің қолдауымен некесін қиған болатын. Олардың екеуі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұларда  арбаға таңылдық  деп ешқашан мойыған емес.  Спорттық шараларға б елсене қатысады. Неке жүзігін тағып, ерлі-зайыпты атануларына да осы спорт себепші болған. Қазір Александрдың жасы 64-те. Зайыбы Гүлнәр өзінен он жастай кіші.

– Мен бақыттымын. Ең бастысы Гүлнәр қасымда. Жеті жыл  бір-бірімізді әбден танып, отау құрдық. Таныстығымыз шахмат ойнаудан басталды.  Әлі күнге шахмат ойнаймыз. Екеуміз де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған клубтың спортшыларымыз. Мен  қол күресімен, Гүлнәр теннис және шахматпен айналысады, – дейді Александр. Өз кезегінде Гүлнәр жары екеуі бір-бірін сөзсіз түсінетінін айтып, мүмкіндік болса оған да өзінікі секілді көлік секілді басқарылатын электронды арба алуға көмектесетін жандар табылса деген бұйымтайын жеткізді.

Сондай-ақ бұл мекеменің күндізгі жартылай стационарына күн сайын 18-40 жас аралығындағы ақыл-есі кемдеу 19 адам  келеді екен. Алты жылдан бері дефектолог Тамара Серғазиева оларды әлеуметтік ортаға бейімдейді.

 

Иә, мұнда жатын орын, ішіп-жем, медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Бірақ, «үкіметтің қамқорлығы қанша жерден қайырымды болғанымен, үйіндегідей қайдан болсын. Көңілге бір жұбаныш болары, бізді қоғам ұмытпайды. Мұндағы қарияларға деген құрмет әркез ерекше» деп көңілдері қаяу жандар терең күрсінді. Орталықтағы адамдардың арасында пәтер кезегінде тұрғандар да бар. Олар баспана кілтін алған соң бұл жерден біржолата кетеді екен. Алайда мұндағы тұрғындардың басым бөлігі «Бұл орын осы өмірдегі соңғы аялдама» іспетті дейді. Бұл күні мекемедегі медициналық құрал-жабдықтардың ескілігі, кіреберістегі пандустың сапасы, кей бөлмелердегі су ағызатын крандардың істен шығуы секілді мәселелерді комиссия өкілдері қаперге алды.

–  Мекеме ғимараты жөндеуді қажет ететіні бесенеден белгілі. Ағымдағы жөндеу жұмыстары үнемі жасалып отырады. Жалпы мекемеге 12 әлеуметтік қызметкер бекітілсе, қарттар  бөлімінде бесеуі бар. Әлеуметтік мамандардың тындырымдылығының нәтижесінде көп шаруа бітеді. Үлкейген сайын қариялар шыдамсыз келетіні анық. Олардың көңілін табудың өзі оңай емес. Дәрігерлерді жұмысқа алу мәселесі өте қиын. Жастар мүлде келмейді. Қазір зейнеттегі дәрігер Орынбасар Аханұлы еңбек етуде. Мұндағы әр тұрғынның жағдайын түсініп, мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеміз, – дейді мекеме директорының орынбасары Қаршыға Жолдасқалиев.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұршинов комиссия мүшелері мұндағы тұратындар ғана емес, қызмет жасайтындардың да жағдайымен танысуға келгенін, кей мәселелер жергілікті деңгейде шешілмейтінін, партия  рейд  барысында қаперге алынған мәселелерді құзіретті органдарға жеткізіп, шешу тетіктерін іздейтінін айтты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
171 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
210 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
375 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
567 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
809 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
888 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
996 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1003 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1029 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1040 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1363 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1681 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1563 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1672 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1663 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1793 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1838 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1782 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1792 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»