ЖАНҰЯДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫЛЫҚ САҚТАЛУЫ ҮШІН…
Өткен жылы қала әкімдігінің бастамасымен отбасы рөлін арттыру бойынша қалалық жұмыс тобы құрылып, отбасын сақтауға қолдау көрсету мақсатындағы кабинеттер ашылды. Отау құруға ниетті жандармен және ажырасуға өтініш білдіргендермен жұмыстар жүргізілді. Қала әкімдігі бұл жобаны жалғастыруға ниетті. Аталмыш мәселе №2 қалалық сотта өткен жиында талқыланды.

АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша былтыр қаламызда 3 266 неке қиылған, 1 406 отбасы ажырасқан. Бұл отбасы құрғандардың 43 пайызына сәйкес келеді. Әрі 2018 жылдың есептік көрсеткішінен 6 пайызға жоғары болып отырғанын атап өту керек. Ажырасудың көбеюіне байланысты қала әкімдігінің бастамасымен өткен жылы отбасы рөлін арттыру бойынша қалалық жұмыс тобы құрылып, отбасын сақтауға қолдау көрсету мақсатындағы кабинеттер ашылды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенова мәлім еткендей, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің жүргізуімен отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқаулар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, отбасын құруға ниеттілерге арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Салтанат сарайында апта сайын өткізілген тренингтерге неке қидыруға ниеттенген 178 адам қатысқан. №1 қалалық сотта ашылған «Отбасы кабинетінде» психолог ажырасуға арыз бергендермен тренинг жүргізді. Дәл осы шараларды «Жас қанат» қоғамдық бірлестігі «Жас отбасыларды қалыптастыру мектебі» жобасы аясында жалғастырып, тегін кеңес беру психолог кабинеті жұмысын бастады. Психолог кабинетінде 82 қабылдау, сотта 11 кезекшілік ұйымдастырылған. Осылайша, 301 адамға кеңес берілген.
Талғат Қайрекеевтің айтуынша, жылына 3000-дай жұп некелеседі. Ал семинар-тренингтерде олардың 10 пайызы ғана қамтылып отыр. Дегенмен, мұның да өз қиындығы бар. Семинар-тренингтерге некелесуге өтініш білдіргендерді тарту қиындау. Бірі жұмыста жүргендіктен уақыттары тығыз екенін, тағы бірі қызықтырмайтынын айтып, шақыртудан бас тартады. Ал оларды мәжбүрлі түрде қатыстыруға ешкімнің құқы жоқ. Яғни ниеті бар жастар ғана тренингке қатысып жүр.
– Семинарды жүргізуге отбасылық мәселелерді тәжірибесі мол психологтар, модераторлар шақырылды. Олар тренингті қызықты және нәтижелі өткізуге тырысады. Алғашқы психологиялық тренингке қатысқан жұптарымыздың ішінде үйленгеннен кейін де кеңес алу үшін қайтадан келгендері болды, – деген Анаргүл Ілиясқызы жобаның тиімділігін айтып, осы орайда биыл да қоғамда отбасы рөлін арттыру бағытындағы жоба жалғасатынын жеткізді. Әрине, бұл жобаға қалалық сот тарапынан қолдау қажет.
Қалалық №2 сотта өткен жылдың қаңтарынан бастап «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыруға бастау алған болатын. Сот төрағасы Азамат Борамбаев жоба шеңберінде отбасы-неке қарым-қатынасы саласында туындайтын дауларды қараудың жаңа тәсілі айқындалғанын, отбасылық қарым-қатынасты жақсарту және ажырасулар санын азайту бойынша жұмыстарға барлық құзырлы органдардың жұмыла жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Басқосуда отбасылық шиеленісті реттеу мәселесі талқыланды. Бұл ретте жұбайларды сабырға шақырып, ақыл айтар «Аналар», «Билер» кеңестерінің мүшелерін тарту, некелесуге өтініш білдірген екі тараптан ситуациялық жағдайларды мысалға алып сауалнама алу ұсынылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу