ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген болатын. Осыған орай заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысының Оскаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижесі бойынша проблемалық мәселелер анықталды. Әрі оларды шешуге қосымша уақыт қажет. Сондықтан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде, яғни 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде, яғни 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары декларация тапсырады.
Бұл ретте, әр кезеңнің қорытындысымен талдау жасалатынын, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу