ЖАЙДАРМАН: ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІН «АҚЫРАП 25» ИЕЛЕНДІ
«Қала күні» мерекесі аясында Орал қаласы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған республикалық Жайдарман фестиваліне 13 команда қатысты.
Қазіргі таңда КТК ойындары – жастарға тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы ойларды, әлеуметтік мәселелерді әзіл арқылы қозғап, жастардың көкейіне ой салуға және ең бастысы мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне жаңаша ықпал етіп келе жатқан жоба. Шаһар басшысының арнайы кубогын сарапқа салған әзіл-қалжың тартысына жалпы 13 топ қатысты. Олардың арасында республикалық жоғары және премьер-лигада өнер көрсетіп жүрген белгілі топтар да, әзіл сахнасына жаңадан тәй-тәй басқан құрамалар да бар. Солардың қатарынан жаңақалалық мектеп оқушыларынан құралған «Ақиқат» командасын ерекше атап өтуге болады. Бүлдіршіндер қысқа да нұсқа әзілдерін көрерменге орнымен жеткізе білген жас топ көпшілікке тәтті күлкі сыйлай білді.
Өңірдің жайдарманшылары мен еліміздің әр түкпірінен келген командалар кешті көтеріңкі көңілге толтырды. Ойында 2021 жылғы республикалық премьер лига сайыстарының ширек финалистері Сырым ауданы Ақырап ауылы «Ақырап 25» құрамасының көрсеткен өнері көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының шешімімен әкім кубогына лайық деп танылды.
Екінші орын Қостанай облысының «Рудный» қарамасына берілсе, үшінші орынның жүлдесін Ақтөбеден келген «Сөз жоқ» командасы еншіледі. Осы топтың белді ойыншысы,танымал жайдарманшы Азамат Жадырасынов «Үздік ойыншы» атағына ие болды.
Айта кетейік, ойынға Орал қаласы әкімдігі, Орал қалалық ішкі саясат бөлімі, Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен «Aqjaiyq» телеарнасы қолдау көрсетті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу