ЖАБАЙЫ САУДА ЖОЛЫ КЕСІЛЕДІ
Жабайы базар дегенде көз алдымызға алдымен шаң-топырақ жерге төселген газеттің үстіне көр-жер заттарын жайып салып отырған адамдар елестейді. Немесе әрлі-берлі ағылған көп адамдардың аяқ астына қатты картон немесе жерге текшелей жиналған қарағайлар үстіне саудасын жайып салып отырған сатушыларды байқайсыз.

Әрине, қайсыбірінің осы азын-шоғын сауда-саттықпен шай-секерін айыратындары да жасырын емес. Алайда, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасалғаннан кейінгі кешкі мезгілдегі көрініс көңіл құлазытады. Себебі, саудагерлердің соңында түрлі қоқыстар қалады, целлофан қапшықтар желмен ұшып аяғыңа жабысады, қауырсын үлкенді-кішілі бос ыдыстар шытырлап аяғыңа соғылып берекетті алады. Десек те, жайма базарлардың саудасы күн жылыған сәттен бастап қызады. Оның өзіндік себебі – жайма базардың бағасы басқа базарларға қарағанда арзандау. Қалтасындағы қарын тойдырмайтын қаражатты үнемдегісі келгендер ерінбей осы жабайы базарға келеді. Жуықта көкөністер пісіп, ол да сауда көзіне айналады. Соңғы күндері қала ішіндегі ретсіз орналасқан жабайы базарлармен күрес шараларын Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметінің бөлімі қолға алды. Аталмыш бөлімнің берген деректеріне сүйенер болсақ, Орал қаласы аумағында 26 сауда базарлары бар, оның 25-і тұтынушыларға күнделікті қызмет көрсетеді, соның ішінде 12-сі азық –түлік сатады, 13-і азық-түлік сатпайды. Осынау 25 базардың 10-ы ірі сауда нүктелері, 6-уы орта деңгейлі базарлар, 9 шағын базар бар. Бүгінгі күні орталық «Мирлан», Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Жайық» базары, Евразия даңғылындағы «Марина» кафесі төңірегіндегі, Құрманғазы көшесіндегі «Школьник» сауда үйі алдындағы жайма базарлар қолайсыз жағдай қалыптастыруда. Осы аталған аймақтарда кешенді тексерістер мен түсінік жұмыстары жүргізілуде.
2019 жылдың 5 айы ішінде жабайы саудамен айналысқан 887 құқық бұзушының жолы кесілді. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204 бабына сай 724 тұлғаға қатысты ескерту берілді, 163 құқық бұзушыға арнайы қаулы шығарылып, 2 милиион 304 мың 063 теңге көлемінде айыппұл салынды. 1 миллион 287 мың 748 теңге өндіріліп алынды. Тексеріс шаралары көрсеткендей, күн сайын 30-40 сатушы заңсыз саудамен айналысады екен. Жабайы саудамен айналысуға бейім тұлғалардың дені жоғарыда аталған базарларға жақын тұратындықтан, сол орынға келіп, сүт өнімдерін, ет және балық өнімдерін жайып сата береді. Тәртіп сақшылары жайма базарлар маңайында такси көліктерінің қатары шектен тыс көбейіп, көліктер тығыны болатынын, өзге көліктерге ыңғайсыздық туғызатынын жасырмайды.
Кейбір қала тұрғындары талай жылдар үйінің алдындағы жабайы базардағы саудагерлерден ығыры шығып, тосқауыл қойылуын сұрайды. Ал, үй маңайына жайғасып отырғандар өз саудаларын қыздыра береді. Рейд барысында тәртіп сақшылары ешбір саудагерге аяушылық танытпайды. Жабайы базарлармен күрес қаланың барлық ықшам аудандарына ортақ мәселе. Бұл мәселенің шешілер күні алыс емес. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторлары арнайы рейд ұйымдастырып, тексеріс шараларын күшейтпекші.
Орал қаласының полиция басқармасы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу