Жақсат ЕРМЕК, ҚР ІІМ БҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің кіші сержанты: «ЖАҚЫНДАРЫҢДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ»
– Вакцинацияға қарсы емеспін. Екпенің екі компонентін де өз еркіммен барып алдым. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл да тұмаудан қарсы екпе сияқты. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде вакцинаға қатысты көп ақпарат таралуда. Бірақ оның қайсысы жалған, қайсысы шындыққа жанасатындығын қарапайым адамға ажырату қиын. Көптеген фейк бейнежазбалар алдын ала дайындалып, жасалынады. Сөйтіп көпшілікке жалған ақпарат беріледі. Көбінесе бұндай бейнежазбалардағы дүниелер шындыққа жанаспайды. Өкінішке орай, азаматтар осындай ақпаратқа сеніп, күмәндана бастайды, үрей пайда болады. Сол себепті ең алдымен өзіңіздің, жалпы қоғамның денсаулығы үшін дәрігерлерге мазалаған сұрақтарыңызды қойып, кеңес алып, қандай да бір мәселе туындап жатса, анық-қанығын біліп алғаныңыз абзал. Кейбір адамдарда белгілі бір вакцинаның компоненттеріне жеке төзбеушілік болуы мүмкін, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Екпе алар алдында дәрігерден екпенің сапасы, түрі, қашан жасалғандығы және қандай қарсы көрсетілімдері бар екендігі туралы толық ақпарат алдым. Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды жұқпалы індеттен қорғаудың ең тиімді әдісі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу