ЖАҢАРТЫЛҒАН УЧАСКЕЛІК ТІРЕК ПУНКТТЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Оралда күрделі жөндеуден өткен екі жаңа учаскелік тірек пункті қолданысқа берілді.

Қала әкімдігінің қолдауымен қос пункт күрделі жөндеуден өткен жаңа мекенжайға ауыстырылып отыр. №5 учаскелік тірек пунктінің жаңа мекенжайы – Жүнісов көшесі, 118-үй. Ал №11 учаскелік полиция пункті – Мирзоян көшесі, 6/1 мекенжайында орналасқан. Бұл полиция тірек пункті 15 424 тұрғынға қызмет көрсетеді. Пункттің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Алмасбек Ғайсиннің айтуынша, пунктте 4 инспектор қызмет жасайды. Жаңа орын-жай жиһаздармен, бейнебақылау камерасы, компьютермен жабдықталған. №5 учаскелік полиция пункті де бір бөлмелі орыннан кең орын-жайға көшіріліп отыр.
– Біз қызмет көрсететін аймақта 20 567 тұрғын бар. 3-4 білім ошағы, үш жоғары оқу орны, үш сауда орны, 9 жеке мекеме мен 52 дүкен орналасқан. Біздің негізгі қызметіміз – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың шағымдарын қабылдау, қоғамдық тәртіпті қадағалау. Учаскелік аймақ бойынша 15 бейнебақылау камерасы қойылған. Биыл осы бейнебақылау құрылғылары арқылы 67 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, төрт қылмыс ашылды, – дейді полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі №5 учаскелік полиция пунктінің аға инспекторы, полиция майоры Рафхат Мұсағалиев.
Орал қаласы бойынша 24 учаскелік полиция пункті бар. Қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев атап өткендей, бүгінде олардың 15-і жаңартуды қажет етеді.
– Екі пункт те бұған дейін бір бөлмеде ғана отырды. Әр пунктте 5-6 учаскелік инспектордан болатын болса, олар сол бір бөлмеде келушілердің арыз-шағымдарын қабылдап, сол бөлмеде түсінік жұмыстарын жүргізді. Бұл әрине, жұмыстың өз деңгейінде жүруіне қолайсыздық тудырары анық. Енді міне, қос пункт те бірнеше бөлмелі, кең, жарық орын-жайға көшірілді. Келер жылы қала әкімдігінің қолдауымен тағы төрт учаскелік пунктті күрделі жөндеу, жаңа орынға көшіру жұмысы жүргізілмек, – дейді Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев.
Жаңа орын-жайға «құтты болсын» айтып келген аудан тұрғындары, ардагерлер учаскелік инспекторлардың жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасауға қол ұшын созғаны үшін қала әкіміне алғысын жеткізді.
– Учаскелік инспекторлармен тығыз жұмыс жасаймыз. Олар жұмыстарына адал, шақыртуға тез келеді. Аймақ тұрғындарын жақсы таниды. Инспекторларымыз үшін біз қуаныштымыз. Қызмет орнының жайлылығы жұмысқа оң ықпалын тигізері анық. Қандай да бір мәселемен бас тіреп келгенде орынның талапқа сай болғаны бізге де жақсы, – дейді «Көктем» бау-бақша серіктестігінің төрағасы Александр Мирошкин.
Эльмира НҰҒМАНОВА

№11 учаскелік полиция пунктінің жаңа орны


№5 учаскелік полиция пунктінің жаңа орны

№5 учаскелік полиция пунктінің бұрынғы орны
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу