8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2019 1994 0
Қоғам

ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЕМЛЕСІН МЕҢГЕРТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» институты мен  қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін меңгертудің ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысын университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов ашты.

Әдістемелік семинарға университет ғалымдары мен облыстың мұғалімдері қатысты. Семинарға арнайы келген «Болат» медиа мекемесінің президенті, «Үш қоңыр» республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті редколлегиясының бас кеңесшісі Болат Батыр «Латын әліпбиіне қатысты заманауи мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа әліпбиге көшіруге байланысты туындап жатқан қиындықтарға да тоқталып өтті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат  Қыдыршаев «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне қатысты емле ережелерін оқытудың ғылыми-әдістемелік қағидалары», филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр «Латын негізді қазақ әліпбиі емлесінің түйткілді мәселелері» тақырыбында сөз қозғаса, мектеп мұғалімдері де өз ойларын ортаға салды. №44 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі, педагог мадератор Құралай Темірбаева Хабиболлақызы «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі»,  №40 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты зерттеуші мұғалімі Айнұр Сабырова «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам», Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Райхан Жұмағазиева «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» тақырыбында баяндама жасап, облыс мектептерінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Семинар жұмысында жастар атынан студенттер де сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетінің  ІІІ курс студенттері  Гүлмира Сәрсенғалиева «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелеріне сәйкесті көзқарастарға шолу (Басылым материалдары негізінде)»,   Шаттық Удаева «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін меңгерудегі қиындықтар (Студенттік көзқарас)» тақырыптарында  ой бөлісті. Семинар аясында «Жаңа әліпбидің емле ережелері – қазақ тілінің табиғи тынысы» деген атпен көрме ұйымдастырылды.

                                                                                                                        Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі, 

 Суретке түсірген Рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
222 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
259 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
422 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
612 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
856 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
934 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1042 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1049 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1075 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1087 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1194 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1408 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1726 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1608 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1718 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1708 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1838 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1885 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1827 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1838 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»