8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2023 1593 0
Бәрекелді!

Жүргізушілерге көмектесті

Бүгін, Орал қаласында жарық сөніп, қаланың кей бөліктерінде бағдаршамдар жасамады.

Сағат 16:15 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі орын алып, автокөліктердің жүруі қиыншылық тудырған. Осы уақытта кептеліске тап болған полиция аға лейтенанты Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасады.

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция қызметкері Руслан Мәлікұлы қазіргі уақытта кезекті еңбек демалысында бола тұрса да, орын алған кептеліске бей-жай қарамай, жүргізушілерге көмектесті.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА,

БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»