8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2019 2282 0
Өзек

ЖҮРГІЗУШІ ҮШ БАП БОЙЫНША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

БҚО аумағында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мақсат – жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілердің жүру тәртібін арттыру және желіні бақылауды жетілдіру.

Бүгін, яғни жедел алдын алу шарасының бірінші күні полицейлер «Рубеж-Орал» стационарлық бекетінде «Воронеж-Шымкент» бағытында қозғалып бара жатқан «Газель» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Тоқтату  кезінде оның ҚР әкімшілік заңнамасын бұзғаны анықталған. Көлік жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің үш бабы, атап айтқанда 572-баптың 2-тармағы (Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы), 593-баптың 3-тармағы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау),590-баптың 10-тармағы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Анықталғандай, жүргізуші Өзбекстан Республикасы азаматтарын алып келе жатқан. Көші-қон заңнамасының бұзылуы болмаған.

Жыл басынан бері облыс аумағында алты жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ал өткен жылы қоғамдық көліктердің қатысуымен 11 ЖКО орын алып, 7 адам қайтыс болған, 15 адам түрлі жарақат алған. 11 жағдайдың алтауы қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған.

Жедел алдын алу шарасы 19 қаңтарға дейін жалғасады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»