8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2020 1596 0
Қоғам

Жүргізуші куәлігін алуға наркологиялық және психдиспансер АНЫҚТАМАСЫ ҚАЖЕТ БОЛМАЙДЫ

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейтін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.

«Шынымен де, мұндай мәселені Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп талқылап жатыр. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді интеграциялауға қатысты жұмыстардың бір бөлігі жүргізілді. Біз жыл сайын шамамен 900 мың жүргізуші куәлігін береміз. Олардың қатарында жүргізуші куәлігін алғаш алатындар, мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратындар немесе жаңа санат алатындар бар», – деді ол. Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан тиісті жұмыс жүргізілгеннен кейін жүргізуші куәлігін мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратын немесе жаңа санат алатын азаматтардан қағаз түріндегі наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейді. «Өйткені, бұл мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйеден алынады», – деп түсіндіреді Серік Түсіпов. Дегенмен, комитет төрағасының орынбасары бұл жаңашылдық алдымен тестілеуден өтетіндігін айтады.

 

https://www.inform.kz/kz/zhurgizushi-kualigin-aluga-narkologiyalyk-zhane-psihdispanser-anyktamasy-kazhet-bolmaydy-iim_a3728224

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
106 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»