8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Наурыз 2021 1899 0
Қоғам

ЖҰМЫРТҚА МЕН КҮНБАҒЫС МАЙЫ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАП КЕТТІ?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі жұмыртқа мен күнбағыс майының қымбаттау себебін түсіндірді.

34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі+11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында – 22,4%, Өскемен – 21,6 %, Қостанай – 16,5%, Жезқазған – 15%, Алматы – 13,4%, Ақтау – 13,3%, Павлодар – 13,7%, Орал – 11,8%, Алматы – 13,4%, Талдықорғанда – 12,3%-ға қымбаттады, – делінген хабарламада.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген.Хабарлама кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер еткен. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы, – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құс фабрикалары «Адель-кус» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Алсад» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Агроинтерптица» ЖШС. «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Сары-Бұлақ» ЖШС және «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.

Жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 0,3%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде ең көп күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау – 12,8%, Орал – 12,9%, Семей – 11,8%, Ақтөбе – 9,7%, Талдықорған – 9,6%, Тараз – 8,6%, Жезқазған – 7,9%, Қарағанды – 7,8%, Өскемен – 7,6%, Петропавл – 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау – 4,9%, Көкшетауда – 4,5% қымбаттады, – делінген хабарламада.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 7 нарық субъектісіне (Шымкент, ШҚО, Қарағанды облыстарындағы өндірушілер мен көтерме сауда жеткізушілер) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысындағы келісілген әрекеттер және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл мұнайға әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.

Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші «Востоксельхозпродукт» ЖШС өз өндірісін тоқтата тұрды.

BAQ.KZ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»