8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2021 2801 0
Қоғам

Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ КІТАПХАНАСЫНДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 3 наурызда  Ж.Молдағалиев атындағы облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  «Парасат  жолы»  орталығы ашылды. 

«Парасат жолы» орталығы  жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізетін, кітап көрмелер  ұйымдастырылатын  парасаттылық алаңы болмақ.

«Парасат жолы» орталығында адам бойындағы асыл қасиеттер  мен мінез-құлықтың дұрыс қалыптастыруына  негіз болатын, ақылдылыққа, адамгершілікке, сабырлылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелейтін, сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес-жарқын болашақтың кепілі» және «Парасаттың шыңы – даналық» атты тұрақты кітап көрмесі  жұмыс  істейтін  болады.

Шара барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп жемқорлықты жоюға бағытталған адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын адал қоғамды тәрбиелеу мақсатында құрылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі және орталықтың нағыз парасаттылық алаңына айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға онлайн байланыс арқылы Ақжайық, Бөрлі аудандарында «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанаты көрсетілді және бұдан басқа өңіріміздің 140 кітапханасында орталықтар ашылды.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»