8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2019 2360 0
Қоғам

ЖҮЙРІКТІҢ БАБЫ КЕЛМЕЙ, БАҒЫ ЖАНБАЙДЫ

          Қазір ауылдық жерлерде қолындағы азын-аулақ малының басын көбейтіп, қожалық ашқандардың қатары артқан. Солардың бірі – Жаңақала ауылы Қызылоба ауыл шетіндегі Бозоба қыстағында орналасқан «Жандос» шаруа қожалығы.  Қожалықты бес ағайынды жігіт бірігіп ашқан, қазір үшеуі шаруашылықты дөңгелентіп отыр. Айдос басшы, Алмас техниканын тілін табушы, ал Ерболат жылкы малына жауапты.          

Ерболат бала кезінен тайға мініп, атқа шапқан. Жылқы малының жағдайын жақсы таниды. Атбегі Ерболат баптаған жел жетпес жүйріктері әрісі облыстың, берісі ауданның, ауылдың бәйгесіне қатысып, алдарына ат салдырмай жүр. Тұңғыш жаратқан жүйрігі Маңғыстау  үш жыл бойы  ат жарыстарында оқ бойы озық келді. Одан кейін де кермеге байлаған сәйгүліктері көп алдында абыройлы болды. Атбегінің Назқоңыр атты жүйрігі Орал, Ақтөбе қалаларында өткен талай аламанда дара келіп, иесіне бір миллион теңге, тоңазытқыш, теледидар, өзге де бағалы сыйлықтар әперген. Аймақта өткен ат жарыстарының алдын бермейтін тұлпарларды баптаған Ерболаттың Құрама, Құралай есімді жүйріктері де жүлдесіз қалған емес.

Бала күнінен жылқының жалын тартып мінген Ерболат кәнігі атбегілердің жанында жүріп талай нәрсенің сырын ұқты. Мектеп бітірген соң жылқы жануарына деген құмарлығы оны ауылдан ұзатпады. Ойлана келе жас жігіт кәсіп ашып, жылқы басын көбейтуді мақсат етті. Қазір кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгеру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша мемлекет тарапынан несие алып, кәсібін дамытуда.

«Мал баққанға бітеді» деген сөздің жаны бар. Түліктер де бапты, күтімді, жағдай жасағанды қалайды. Сондықтан олардың жем-шөбінің құнарлылығы мен сапалық жағына аса мән береміз. Жылқы мінсең көлігің, ал саумал мен қымызы дертке дауа, ауруға ем екендігі өз алдына. Жиі болмағанымен, аратұра саумал сатып жүрдік. Қазір ауылда су тапшылығы қиындық тудырып тұр. Келешекке құрған жоспарым көп. Оның сәтті жүзеге асуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен қаржылай көмек септігін тигізеріне сенемін.  Ерназ Сәтпаев, Андрей Қуанов  деген шабандоз балалар менің жүйріктеріме мініп талай бәйгенің басында келді. Былтыр Назқоңыр мен Құрама Батыс Қазақстан облысы бойынша өткен бәйгеде үш мәрте бірінші орын алды, оның алдында жаратып жүрген тағы бір сәйгүлігім Ақтөбеде үшінші орын алды. Маңғыстаудан тараған сәйгүлігім Айкерімді осы күзде Атырау қаласында өтетін бәйгеге баптап жүрмін,  – дейді Ерболат көмбеге қашан да бірінші болып келіп жүрген бәйге аттарының атын атап, қыр-сыры мен мінезін бізге сипаттап беріп. Қазақта атақты тұлпарлар аз болған жоқ. Ақансері Құлагерім десе, Байшұбар – Алпамыстың, Тайбурыл – Қобыландының аяулы арғымағы болғанымен белгілі. Ерболаттың әңгімесінен Маңғыстауы  аузынан тастамайтын дүлдүлі, ең сенімді, сұлу сәйгүлігі болғанын ұқтық. Жақында Ақжайық ауданында өткен «Жайық жүйрігі»  аламан бәйгесін  Ерболат бастаған атбегілер өздері ұйымдастырыпты.  Осы іске бастамашы болған атбегілердің жеңімпаз жүйрікке тіккен 1 500 мың теңгесін оралдық Берік Есенғалиев қанжығалапты.

–   Қазір қорамда 14 тұлпарым бар. Шынын айтсам, аттан пайда көрейін деген ой жоқ менде. Менікі, тек атым салым салса, көңілденіп үйге қайту ғой, – деген кейіпкеріміз таяуда Грузия мемлекетінен екі миллионға тұлпар сатып алып, оны Зере деп атағанын қуана жеткізді. Күтімі ерекше Зересінің болашақта бәйгенің алдын бермейтініне нық сенімді. Атбегі  «Бабы келіскен сәйгүлік – қашықтыталғамайды» деген қағиданы расымен де дәлелдегендей. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін ауылдастары да атбегінің жасаған еңбегіне әрдайым тілекші болып отырады.  Алда әлі талай жарыстар тұр. Әрдайым сәйгүліктерінің  бабы мен бағы қатар шабатын ат бапкеріне  – баптаған жүйріктеріңіз  мәреге дара жетіп, бәйге төрінен көрінсін дейміз!

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
52 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
95 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
111 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
116 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
199 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
196 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
201 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
286 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
542 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
733 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
862 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
874 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
948 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1351 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1368 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1444 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1533 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1741 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1738 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»