8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2020 2456 0
Қоғам

ЖҰБАН АҚЫНҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛЫП, ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды. 

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы. Ақынның 100 жылдық мерейтойын атап өту ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердің тiзбесiне енгізілді.

Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығын атап өту бойынша облыстық жұмыс тобы құрылып, 9 қаңтарда алғашқы отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамында өңірдегі ақын-жазушы, өлкетанушылар бар. Атап айтқанда А.Бақтыгереева, Ж.Ақбай, А.Нәріков, Ү.Елубайқызы, Қ.Құттымұрат, М.Шүйіншалиева, Т.Жазықбай, А.Мұсаев.

– Жұмыс тобының мүшелері халықаралық деңгейде «Жұбан және ерлік жыры» атты  жазба поэзиясы мүшайрасын өткізуді, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында Жұбан ақынның  ескерткішін орнатуды, ақынның өлеңдеріне патриоттық әндер байқауын өткізуді,  әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу шараларын белсенді ұйымдастыруды ұсынды, – дейді БҚО мәдениет басқармасы басшысының м.а С.Дүйсентегі.

Мерейтойлық шараларға бастама беру 31 қаңтарға жоспарланған. Бұл старттық шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, БҚО облысының барлық кітапханаларында өтеді.

Жыл бойы облысымыз бен аудандарымыздың мәдениет және білім беру ұйымдарында Жұбанға арналған кітап және  музей көрмелері мен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Арнайы құрылған жұмыс тобы Жұбан ақынның шығармашылығынан үш тілде  энциклопедия шығару мақсатындағы жұмыстарды бастады. Бұдан бөлек «Таланты тау боп көрінсе» атты Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға  арналған  әдістемелік-библиографиялық құрал жасақтап шығару көзделіп отыр. «Өшпейтін өлең» атты Жұбан ақынның жазған өлеңдерінен патриоттық әндер байқауын,  мектеп оқушылары арасында облыстық мүшайралар, ақын-жазушыларға арналған әдеби-экскурсиялар ұйымдастырылады.  Қазан айында «Жұбан ұрпақтар жүрегінде» тақырыбында халықаралық Жұбан оқулары және «Жұбан жырлары – ғасыр үні» атты республикалық  ғылыми–тәжірибелік конференциясын өткізу,

Жұбан ақынның 100 жылдығына орай облыс орталығында ескерткіш қойылып, өзі оқыған Орал қаласындағы №38 орта мектепке және Орал газ, мұнай және көпсалалық колледжінің ғимаратына ескерткіш тақта орнатылады. Туған жері Ақжайық ауданында демеушілер мен меценаттар есебінен салынатын Жұбан орталығын ашпақ. Осы орталықта ақынға арналған музей мен кітапхана болады.

– Бұл шараларға ақынның ұрпақтарын және елімізге танымал ақын-жазушылар мен композиторларды шақыру көзделіп отыр. Осы шаралардың бәрі Жұбан ақынның шығармашылығын елге таныту, жастардың  сезімін қалыптастыру бағытында жүргізіледі, – дейді  Сайран Дүйсентегі.

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
94 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
209 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
457 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
718 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
957 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
991 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1340 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1571 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1658 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1769 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1777 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1807 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1810 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1915 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2134 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»