8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2020 1772 0
Өзек

ӨЗГЕНІҢ КӨЛІГІН АЙДАП КЕТІП, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА ЖОЛ БЕРДІ

1 қазан күні түскі уақытта  белгісіз тұлға №51 жалпы білім беретін орта мектептің қасында тұрған қара түсті «Хюндай Акцент» маркалы автокөлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен. Осы аймақтағы кішігірім шаруаларын аяқтап, бейқам жүрген 1974 жылғы азаматша мектеп қасына жеткенде көлігінің жоқтығын байқап, лезде полицияға телефон соғып, айдалып кеткенін жеткізген. Шаған Пб жеке құрамы жұмылып, іздеуге кірісті.

«Хюндай» рөліне отырған жігіт көлікті зыңғыта желмен жарысып, бір шақырым ұзаған кезде рөлге ие бола алмай, өзге көлікке түйіскен. Сол екпінімен жол жиегіне түсіп, аударылған. Күдікті көліктен шығып, жанталаса ізін
жасырған.

Шаған Полиция бөлімінің  КПб жедел уәкілдері оқиға орын алған күні көлікті іздеп, тапты. Ал, күдіктіні екі күннен соң ұстап, Шаған Полиция бөліміне  жеткізді. 1996 жылғы, Ақжайық ауданының тұрғыны Б. есімді азамат қылмысын мойындады. Сонымен қатар, салон ішінен ақша ұрлаған.

Шаған  Полиция бөлімі аталған факті бойынша көлікті айдап кету және ұрлық фактісімен 2 эпизодты қылмыстық іс қозғады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»