8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2020 1152 0
Қоғам

«ЗЕНИТ» ЗАУЫТЫНА ТАПСЫРЫС ЖОҚ

Оралдық «Зенит» зауытының 200-ден астам қызметкері жұмыссыздар қатарын толтыруы мүмкін. Өйткені алдағы жылы кәсіпорынның су көлігіне тапсырыс жоқ көрінеді. Осы орайда кеме құрастыруға шыңдалған мамандар «екі қолға бір күрек таппай қаламыз ба?» деген қорқыныштарын жасырмайды.

Соғыс жылдарында бұл зауытта жарылғыш заттардың 20-дан астам түрі жасалған. Солардың арасында жау кемесін жоюға арналған зәкірлі минаның жөні бөлек. Торпедолық жою құралдарының көмегімен жаудың 5 мыңнан астам жүзу құралы талқандалыпты. Ал тәуелсіздік алғалы бері оралдық бұл зауытта 30-дан аса су көлігі құрастырылған.  Мұндағы мамандардың дені Петербордағы оқу орнының түлектері.  Дағдарыс дендеп зауыт өніміне тапсырыс болмаса, алдымен инженерлер мен техникалық бағыттағы мамандар қысқартуға тап болады.

Антон Копняев  еңбек жолын қарапайым слесарь маманынан бастап учаске басшысына дейінгі даңғылдан өткен.  Ол кейінгі уақытта зауыт еңбеккерлерінің біртіндеп жұмыстан шығарылып жатқанын айтады. Яғни, 30 әріптесі дағдарысқа байланысты қызметтен босатылған.

– Алдағы  жылы тапсырыс болмайды деп жатыр. Сонда бірнеше отбасы нәпақасынан айырылады деген сөз. Аймақта бұл бағытта шыңдалған кәсіпорын жоқ. Жаңа тапсырыстар болмаса біз қайда барамыз, – дейді  Орал «Зенит»  зауытының учаске басшысы Антон Копняев.

Еліміз бойынша іргелі кеме құрастырушы кәсіпорынды бұл тығырықтан шығарудың амалы да жоқ емес. Мәселен, өндіріс ошағы бейбіт бағыттағы кемелер мен қайықтарды  құрастырушы кәсіпорын ретінде жұмыс бағытын өзгертсе, мәселенің түйіні тарқар еді. Өндіріс ошағының басшысы Вячеслав Валиев мұндай тапсырыстарды өз елімізде орындауға мүмкіндік бола тұра өзге мемлекеттерде орындалатынын айтты. Сондай-ақ, «Зенит» квазимемлекеттік секторға жататындықтан,  Үкімет қаулысына сәйкес азаматтық өнімдердің барлық түрлерін шығаруға тыйым салынған.

– Осы орайда отандық өндіріс орынына үлкен қолдау қажет. Біз шетел өнімдеріне тәуелдіміз.  Шекара қызметіне «Айбар» жобасының қайықтары қажет екенін  білеміз.  Біз құрастырған кемелердің заманауи талаптарға сай екені баршаға аян. Сол себепті мемлекет қолдау көрсетсе дейміз. Бұл зауыттың кемелерін тіпті, шет мемлекеттерге де шығаруға болады, –  дейді Орал  «Зенит»  зауытының бас директоры Вячеслав Валиев.

Өндіріс ошағының бүгінгі халі жергілікті билікке де белгілі. БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Тұрсын Өтебаева өңірдегі іргелі кәсіпорынға тапсырыстардың болмай отырғанын жасырмады.

– Бұл мәселені біз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың облысқа сапары барысында көтердік. Сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму мен Қорғаныс министрлігіне кәсіпорынның жұмыс жүктемесіне қатысты хаттар жазылды. Бірақ соңғы шешім әлі жоқ, – деді БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Тұрсын Өтебаева.

Бұл мәселеге қашан нүкте қойылары әлі белгісіз. Зауыттың кәнігі мамандары болса, Ресей мен Түркия елдерінде жасалған кемелерден сапасы артық болмаса кем түспейтін су көліктерін құрастыруға дайын екендіктерін айтты. Тіпті қажет болған жағдайда қосымша жаңа зауыт ғимаратын салуға да мүмкіндік бар дейді зениттіктер. Алайда, тапсырыс жоқ. Сол себепті жұмысшылар өзге орындардан жұмыс іздеуді бастап кетіпті.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
125 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
297 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
334 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
610 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
622 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
748 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1143 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1170 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1381 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1653 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1876 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1916 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2063 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2262 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»