ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ ЕМНІҢ ҚАНДАЙ ТҮРІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы емделуге берілетін біржолғы төлемдерді пайдалану туралы бұйрықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта бұйрық 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімінен бұрын бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 ақпанда тіркелді.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жақын арада жарияланатын болады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жабылмайтын медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.
Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне келесілер енгізілді:
– дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
– Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, исплантация);
– операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)
– радионуклидтік және радиойодтерапия
– радиохирургиялық емдеу
– протон терапиясы
– офтальмологиялық қызметтер.
Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.
Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты, оның ішінде БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы өз бетінше алуы қажет. Содан кейін жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса бере отырып, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындыны алу үшін тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жүгінуге құқығы бар. Дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімді азамат өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. Қорытындыны алғаннан кейін өтініш беруші шетелдік ұйымды (стоматологиялық қызметтерді қоспағанда) қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдауы тиіс, онымен шарттың сканерленген нұсқасын әрі қарай тіркей отырып және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы (Отбасы банк) өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия жасасумен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.Уәкілетті оператор (Отбасы банк) алушы ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде алушыдан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zeynetakyny-emnin-kanday-turine-paydalanuga-bolady-ministrlik-buyrykty-tirkedi_a3754414
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу