8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2018 2339 0
Қалалықтар қаперіне

Үздік тауар өндірушілер анықталды

Сенбі күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен «Қазақстанның үздік тауар өнімдері» өңірлік көрме байқауына 32 жергілікті тауар өндірушілер қатысып, 9-ы үздік шықты.

Әр кәсіпорын өз аталымдары бойынша үздік болуға лайықты. Батысқазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздеген байқауда үш аталым бойынша ең мықтылар таңдалды.

Жеңімпаздарды марапаттаған облыс әкімінің орынбасары Мержан Сатканов дәстүрлі көрменің соңғы он бес жылда өңіріміздегі кәсіпкерліктің дамуына серпін бергенін атап өтті. – Бизнесмендеріміз жыл сайын аталмыш көрмеге ерекше қызығушылықпен қатыса бастады. Бұл жолы да кәсіптері «қаз тұрған», болашақта бизнесі өрлеуі тиіс кәсіпкерлер қатары көбейгенін байқап отырмыз.  Жыл сайын көрме байқау жеңімпаздарын республикаға жолдаймыз. Осы орайда «Агропродукт», «Кублей», «Орал сауда-өнеркәсіп кешені» кәсіпорындары ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленіп, біздің облысымызда жақсы бизнес жасауға болатынын дәлелдеді. Бізде әр түрлі бағытта жаңа идеялар мен мүмкіндіктер мол екеніне куә болдық, – деген Мержан Мұнайдарұлы жеңімпаздарды марапаттады.

Сонымен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша қалалық мәслихат депутаты Валерий Крылов басшылық ететін «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «БатысМұнайгазжабдықтары» (директоры Берік Сүлейменов), «БатысҚазақстан машина жасау компаниясы» (директоры Дәурен Сисенов) ЖШС-лары жеңімпаз деп танылды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Надежда» ЖШС (Замир Ғалымжанов), «Конденсат» АҚ (Нұрия Муфтеева), «Мария ханым» сән үйі (Жұлдыз Құспанова) жеңімпаздар қатарын толықтырды. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Балзия» ЖШС (Балзия Евенеева), «Каверина» ЖК (Светлана Каверина), «Родник» ЖШС (Лилия Хайруллина) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен, «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісімен марапатталды.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының өкілі Мәдина Мукатова, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сәкен Карин жеңімпаздарды құттықтап, көрмеге белсенді қатысқан мекемелерге алғыс хаттар табыстады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»