Үздік тауар өндірушілер анықталды
Сенбі күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен «Қазақстанның үздік тауар өнімдері» өңірлік көрме байқауына 32 жергілікті тауар өндірушілер қатысып, 9-ы үздік шықты.

Әр кәсіпорын өз аталымдары бойынша үздік болуға лайықты. Батысқазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздеген байқауда үш аталым бойынша ең мықтылар таңдалды.
Жеңімпаздарды марапаттаған облыс әкімінің орынбасары Мержан Сатканов дәстүрлі көрменің соңғы он бес жылда өңіріміздегі кәсіпкерліктің дамуына серпін бергенін атап өтті. – Бизнесмендеріміз жыл сайын аталмыш көрмеге ерекше қызығушылықпен қатыса бастады. Бұл жолы да кәсіптері «қаз тұрған», болашақта бизнесі өрлеуі тиіс кәсіпкерлер қатары көбейгенін байқап отырмыз. Жыл сайын көрме байқау жеңімпаздарын республикаға жолдаймыз. Осы орайда «Агропродукт», «Кублей», «Орал сауда-өнеркәсіп кешені» кәсіпорындары ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленіп, біздің облысымызда жақсы бизнес жасауға болатынын дәлелдеді. Бізде әр түрлі бағытта жаңа идеялар мен мүмкіндіктер мол екеніне куә болдық, – деген Мержан Мұнайдарұлы жеңімпаздарды марапаттады.

Сонымен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша қалалық мәслихат депутаты Валерий Крылов басшылық ететін «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «БатысМұнайгазжабдықтары» (директоры Берік Сүлейменов), «БатысҚазақстан машина жасау компаниясы» (директоры Дәурен Сисенов) ЖШС-лары жеңімпаз деп танылды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Надежда» ЖШС (Замир Ғалымжанов), «Конденсат» АҚ (Нұрия Муфтеева), «Мария ханым» сән үйі (Жұлдыз Құспанова) жеңімпаздар қатарын толықтырды. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Балзия» ЖШС (Балзия Евенеева), «Каверина» ЖК (Светлана Каверина), «Родник» ЖШС (Лилия Хайруллина) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар арнайы дипломмен, «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісімен марапатталды.
ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының өкілі Мәдина Мукатова, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сәкен Карин жеңімпаздарды құттықтап, көрмеге белсенді қатысқан мекемелерге алғыс хаттар табыстады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу