8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2020 1338 0
Өзек

ЗАШАҒАНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық офисімен, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.Ақмырзаевтың, облыс әкімінің орынбасары Т.Шакимовтің қатысуымен, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп 6 тамыз күні Зашаған кентіндегі Қ.Жұмалиев, М.Дулатов, Аймауытов көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Комиссиялық қарау кезінде Жұмалиев көшесінің жөндеу учаскесінде тас-құм қиыршықтас қоспасынан жасалған негіздің қосымша қабаты  тығыздалмағанын және су ағуы қамтамасыз етілмегендіктен, негізде ылғалдың шамадан тыс көптігін анықтады.

М.Дулатов көшесі бойынша тротуарды орнатуда бетонды негізге ернеулі тастарды (поребриктерді) орнатуда технологиялық процестер бұзылған. Жұмыс жобасында тротуардың орналасуы дұрыс қарастырылмаған. Сонымен қатар, су ағу арнасы тротуардың сол жағында орналасқан, бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді.

Аймауытов көшесінде ыстық ірі түйіршікті а/б қоспасынан асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату жұмыстары жүргізілуде. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО бойынша филиалының мамандары тиісті сараптама үшін қоспаны алды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»