ЗАШАҒАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАДАҒАЛАНДЫ
Қала әкімі Абат Шыныбеков жұмыс барысымен Зачаган кентінде болды. Кезекті шығу барысында шаһар басшысы кенттегі абаттандыру, спорт және ойын алаңы құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарын қадағалады.

Зачаган кентінде Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің бастамасымен жаңа тынымбақ ашу жоспарланған болатын. Аталмыш демалыс орны Жәңгір хан көшесі мен Әзірбайжан көшесінің қиылысында орналасатын болады. Қала әкімі Абат Абайұлы Зачаган кенті әкімі Әділбек Қадыровпен бірге аталған орында болып, тынымбақ құрылысының жоспарын талқылады.
Бұдан соң қала басшысы Балауса шағын ауданындағы кешенді спорт және ойын алаңының құрылысы нысанына аялдады. Құрылыс «Самұрық Қазына Траст» АҚ қолдауымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды. Кешенді алаңда қыста хоккей, жазда футбол ойнауға мүмкіндік жасалмақ. Сонымен қатар Street workout қозғалыс құралдары мен балаларға арналған ойын жабдықтары орнатылады. Жоғарыда аталғандай кешенді спорт және ойын алаңы құрылысы Зачаган бау-бақша серіктестігінде де жүргізілуде. Аталмыш алаңды орнату жұмыстарының аяқталуы қараша айының соңына жоспарланған.
Кенттегі жол жөндеу жұмыстары да қала әкімінің назарынан тыс қалмады. Қазір кенттегі Брусиловский көшесінде жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Мердігер мекеме – «Орал жолдары» АҚ. Жоспар бойынша жол жұмыстары қараша айының соңында аяқталады.
Сонымен қатар Сарытау шағын ауданында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі, мердігер компания – «Түркістан Жол Сервис» ЖШС.



Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу