8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 2297 0
Қалалықтар қаперіне

ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

             Соңғы жылдары халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу жолында қалаға қарасты  Зашаған кентінде жұртшылықтың көз алдында атқарылған жұмыстар жетерлік. Бүгінде кент тұрғындарының саны 5700-ге көбейген. Кентте 13 шағынаудан және 1 елдімекен орналасқан. Халық саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Қазіргі таңда кенттің инфрақұрылымы толықтай өзгерген. Шешімін тапқан мәселелермен қатар, шешімін табуды қажет ететін өзекті жайттар да бар. Бұл туралы қаңтардың 30-ы күні қаладағы №47 орта мектепте Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыров халық алдындағы есептік кездесуінде баяндады. Оған қала әкімі Абат Шыныбеков пен орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

         

 

           Кент әкімінің баяндамасына сүйенсек, Өткен жыл бюджетінің кіріс бөлігі 425 млн. теңгені құраса, шығыс бөлігі 417 млн. теңгеге жеткен. Ағымдағы жыл басына дейін  400 кәсіпкерлік нысаны тіркеліпті. Былтырғы жылы ірі бес жоба өз жұмысын бастаған.  Атап айтсақ, «Fly max», «Планета одежды», «Марсель» банкет залы,  «Ағайын holl» банкет залы, сервистік орталық «АвтоДоктор».

Үстіміздегі жылы Зачаган кентінде аумағы бес гектар жерді алып жатқан жылыжай құрылысын аяқтау жоспарлануда. Инвест жобаның құны – алты млрд. теңге. 2018 жылға қарағанда өсім  10% құрайды. Кент аумағында 90  көпқабатты тұрғын үй орналасқан.  Оларға төрт пәтер иелері кооперативі, екі сервистік компания,  төрт үйде үй басшысы қызмет жасайды. Барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға коммуналдық қызмет көрсетіледі.

Кент аумағында 172 көше болса, оның 42-сі асфальтталған, 134 көшеге топырақ төселген. Өткен жылы Строитель, Сарытау шағынауданындағы №50 орта мектепке кіреберіс жолдар мен Айтқұлов көшесіне күрделі жөндеу жүргізілсе, Мөңкеұлы, Сұлтан Бейбарыс, Ақын Сара, Қабдолов,  Күлтегін,  Шайхиев көшелерінің 6,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы жасалған.  «Балауса» шағынауданына апаратын №6, 7 қоғамдық көліктердің жолдары қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Автомобиль жолдарын жөндеу үшін сегіз жоба жасақталып отыр.

       Кентте аула аумақтарын абаттандыруға да баса мән берілуде. Жәңгірхан көшесіндегі 13-үйді «Айдана» ЖШС мердігерлік компаниясы 6,5 млн. теңгеге абаттандырса, 25-Чапаев дивизиясы, 3 мекенжайы бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайын. Жоба осы жылы жүзеге асады деп күтілуде.  Мөңкеұлы көшесіне 120 жарықдиодты шам орнатылған. Ал Энтузиаст, Азербайджанский және Автомобилистер көшелерін жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасақталған. Кенттегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл  Саратов трассасындағы «Балапан» аялдамасындағы, «Орал-Ақтөбе» тас жолындағы, №20 орта мектеп аумағындағы Шарабасов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткеліне жарықдиодты шамдар орнату көзделуде.

Өткен жылыСағынғали Сейітов 1/3, Жәңгірхан 57, 57/1, Цветочный және Жақсыауыл шағынауданында  бес балалар ойын алаңқайы пайдалануға берілген.

Осы жылы кентке төрт аялдама, үш балалар алаңқайын, 37 еуропалық үлгідегі  қоқыс жәшігін орнату  жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Зашағанда 85 қоқыс алаңқайы бар, қоқыс жәшіктерінің саны 309-ға жеткен.  Осы жылы кент аумағында 5 млн. теңгеге 80 қоқыс жәшігі қойылған. Кентте 11000  оқушы оқитын,  алты мектеп бар. 1500 оқушы мектепке тасымалдау арқылы қатынайды. 7 мемлекеттік, 11 жеке, барлығы – 18 бала-бақша 2500 (екі мың бес жүз) балаға қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге кент бойынша 4000 бала балабақшаға кезекте тұр.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

        P.S. Кездесу барысында жұртшылық көкейдегі сауалдарын қала әкіміне тікелей қойып, нақты жауаптар алды. Бұл туралы «Жайық үні» газетінің №5 санынан оқи аласыздар.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
68 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
74 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
562 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
640 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
651 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
680 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
695 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1067 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1194 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1227 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1502 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1510 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1642 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1935 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2034 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2059 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2269 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»