8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 3124 0
Қоғам

«ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ДАҢҒЫЛЫ»

           Бүгін қаладағы №47 орта мектепте дәл осындай тақырыпта өлкетанушылар конференциясы өтті. «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология  орталығының ұйымдастыруымен өткен конференция жұмысына қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, БҚО «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық кеңсе менеджері Гүлсім Усағалиева, қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы: – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде аталмыш конференция ұйымдастырылып отыр. Атамекенін ардақ тұтқан әр оқушы Елбасы меңзеген мәнді мақалаларды жүрегіне түйсінуі қажет. Көптеп айтылмай жүрген тарихымызды, маңызды орындарды зерттеу арқылы өскелең ұрпаққа жеткізуде белсенді болу  білім беру ұйымдарының маңызды бағыттарының бірі. Біздің міндетіміз – зерттеу жұмыстары арқылы үнемі ізденіс үстіндегі зияткер жеке тұлғаны тәрбиелеу. Аталған бағыттағы жұмысты жүргізу мақсатында білім беру бөлімі «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология  орталығы «Туған өлке тарихы» жобасын енгізді. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына «Өлкетану» курсы енгізіліп, 5-6-7 сыныптар қамтылды. Бұл курс тарихи өлкетану, табиғат, экология, Рухани жаңғыру, М.Мәметова, Ғ.Тоқай, Пушкин, Пугачев мұражайларында өткізілуде. Жобаны іске асыру барысында ғылыми-практикалық оқыту семинарлары жоспарға сай өтуде. Елге деген құрмет туған жерімізден басталады. Қазіргі таңда 90-нан аса жинақталған жұмыс бар. Қала сыртындағы маңызды жерлерді білмейміз, мың шақырымнан асатын, шетелдегі тарихи орындар туралы ақпаратты көп білеміз. Қазір жақынымыз алыс, алысымыз жақын болған заман. Сол себепті осындай маңызды іс-шаралар керек, – дей келіп,  осы бағытта қалалық білім беру ұйымы басшысына 10-15 адамнан тұратын жұмыс тобын құрып, алдағы аптаның аяғында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде ұсыныстарды талқылауға тапсырма берді. Жұмыс жоспарын құрып, осы оқу жылының аяғына дейін сол жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Өлкетанушылардың қатысуымен мектептерде кездесулер өткізу керегін айтты. Шаһар маңындағы көрікті жерлерге нақты маршруттар тізбесін жасақтауды ұсынды.

Конференцияның күн тәртібіне сай «Сегізсай кешенінің өлке тарихындағы орны» тақырыбында баяндама жасаған БҚО тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин туған ауылының тарихынан сыр шертті. – Ауылда мал бағып далаға көп шығасың. Ауыл іргесінде обалар көп болды. Мал жоғалтқан кезде осы обаларға мініп, айналаны шолатынбыз. Сол кезде обалардың киелі екеніне мән бермедік. Бірақ, жалпы обалар сарматтар кезеңіне жататынын, тарихымызда Лебедевка кешені деп аталатынын мектепте оқыдық. Дейтұрғанмен, маңыздылығына терең үңілмедік. Кейін зерттеу жұмыстары кезінде обалардан сүйектер, түрлі бұйымдар табылған, – деген Жантас Нәбиоллаұлы туған жері Егіндікөл ауылы туралы дайындалған бейнероликті көпшіліктің назарына ұсынды. Сондай-ақ обалардың қаншалықты маңызды екенін тарихи деректерге сүйене отырып, жан-жақты түсіндірді.

Жиында «Дана.kaz» журналының бас редакторы Қазбек Қабжан «Араб жазулы құлпытастардың зерттелуіне» тоқталса, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов «БҚО киелі табиғи орындары», тарих ғылымының кандидаты Мұрат Қалменов «Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің әдістемесі», ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету қорының директоры Айболат Құрымбаев «БҚО киелі тарихи орындарының географиясы» тақырыптарында ой өрбітті. Конференция бұдан соң секциялық отырыстарға жалғасты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
96 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
372 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
615 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
649 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
803 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
999 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1235 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1316 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1426 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1431 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1463 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1469 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1574 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1792 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2104 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1988 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2100 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»