8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2019 2348 0
Өзек

ҚЫЗЫНА БАЛАЛАРДЫ САБАТЫП, ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН

БҚО балабақшалардың бірінде тәрбиеші өз баласына өзге бүлдіршінді сабатқан.  Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

Әуесқой түсірілімге көз жүгіртсек, бір топтағы екі бүлдіршіннің арасындағы түсініспеушілікті көруге болады. Яғни, қаршадай қыз бала ұл балаға әлімжеттік жасауда. Тіпті қауқарсыз баланың қорыққаннан қарсы шығуға шарасыздығы байқалып тұр. Бұл келеңсіз жайды белгісіз біреу бейнекамераға түсіріп отыр. Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан осы оқиғаны облыстық білім басқармасы мамандары қайда және қашан  болғандығын анықтады. Басқармасының бөлім басшысы Светлана Темірғалиеваның айтуынша,  бұл оқиға Шыңғырлау ауданындағы «Қызғалдақ» бөбекжайында болан.  Ал  бейнежазба авторы балбақша қызметкері көрінеді.

–  Бөбекжай тәрбиешісі бір жылдан бері  «Қызғалдақ» бөбекжайында жұмыс жасайды.   Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директорының сөзінше, қызметкердің бойынан бұған дейін ешқандай теріс әрекет  байқалмаған. Ал жазбадағы қыз бала тәрбиешінің өз қызы болып табылады.  Қызметкер уақытша жұмыстан босатылды. Қазір қызметкердің бұл әрекеті  аудандық әкімдік, білім беру бөлімі және ата-аналар тарапынан құрылған тәртіптік кеңесте қаралуда. Ата-аналар тарапынан оның үстінен ешқандай  шағым түспеген, – деді Светлана Ибрагимқызы.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»