8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2025 1351 0
Өзек

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарайды және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
2025 жылдың 9-ай қорытындысы бойынша, Департаменттің араласуымен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 126 қызмет алушының және шағымдарды қарау нәтижесінде 25 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы:
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалымен жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беруден негізсіз бас тартылған. Жүргізілген тексеру нәтижесінде жобаланатын жер учаскесінің мәлімделген орны ұсынылған координаттар бойынша орналасқан жеріне сәйкес келтіріліп, қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді;
– Сәулет және қала құрылысы саласына қатысты бірнеше жағдайда, ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісі жер қатынастары бөліміне уақытылы жолданбауына байланысты өтініштер қанағаттандырылмаған. Бұл өтініштер бойынша да тиісті шаралар қабылданып, қызмет алушыға нақты жауаптар ұсынылды;
– Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы «Жарамсыз ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға рұқсат беру» қызметі бойынша өтініштердің тіркелмегені анықталып, Департамент ұсынымы негізінде олар тіркеліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықты қамтамасыз ету, сапаны арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
77 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
139 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
202 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
240 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»