8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2019 1919 0
Өзек

«ҚЫЗҒАЛДАҚТАРҒА» ҚИМАСТЫҚ БІЛДІРДІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты. Барша қазақстандықтар да отқа оранып, жантүршігерлік жағдайда періштелерді  ажал құштырған қайғыға ортақ екенін білдіруде.  30 шаршы метр аумақты қамтыған жалын 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың өмірін қиғаны елді дүр сілкінтті. 5 ақпан күні елордалықтар  жұмылып, бес баланы ақтық сапарға шығарып салды. Осы қаралы жағдайға орай, оралдықтар да кеше Ситерлердің отбасына қайғырып көңіл айту үшін «Үш батыр қыз» алаңында бас қосты.

Қоғамдық ұйым өкілдері, зиялы қауым, ата-аналар, жастар, жалпы жамағат бақи болған бүлдіршіндердің суреттеріне гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық үнсіздікпен аза тұтты. Сәбилердің жаны жәннатта болуын тілеп, Құран оқытты.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина елімізде енді мұндай қасіреттің қайталанбауын, ел-жұртты көлденеңнен келген қазадан сақтауды тіледі.

–  Бір түнде бес баласынан айырылған ата-ананың жай-күйін түсіну өте қиын. «Қаза айтып келмейді» дейді. Дегенмен, бұл өте ауыр жағдай. Әр ата-ана бар тапқанын балаларының аузына тосып, өмір сүреді. Солар үшін еңбек етеді. Мемлекет тарапынан ана мен балаға қандай көмек көрсетіліп, қамқорлық жасалып жатқанын білеміз. Бірақ, қоғамда әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың бар екені рас. Оның үстіне тілсіз жаудың көлденең келуінен балғындардың қаза табуы – Ситер жанұясына тікелей келген қасірет деп білеміз және бұл елдің қазасы! Сондықтан қазаның арты қайыр болсын айтып, барынша қолдау көрсетейік,  – деген Шалқыма Хайроллақызы батысқазақстандық аналарды, қайғыға ортақ жандарды балапандарынан айырылған отбасына қаржылай көмектесуге шақырды.

«Сақтансаң, сақтармын» дегендей, «Ақ Отау» отбасы орталығы» ҚБ төрайымы Алтынай Исқалиева бұл жағдай әркімге сабақ болуы керектігін айтып өтті.

– Алды мектепте ғана оқитын, әлі өмір көрмеген сәбилердің өлімі әр ананың қабырғасын қайыстырды. Жүрегіміз жылап тұр. Бұл жағдайдың орын алуына не себеп деген сұрақ кім-кімді де ойландыруы тиіс. Қайталанбауы үшін осы оқиғадан сабақ алуымыз керек. Үкімет те шешім шығарады деп ойлаймыз. Әрқайсымыздың отбасымыз, бауырларымыз бар. Үнемі қарайласып, бір-бірімізді қамқорлап жүру – бірінші кезектегі міндетіміз болуы тиіс, – деді А.Исқалиева.

Жастар атынан Дулат Жүсіпқалиев, үш баланың анасы Жеміс Имашева сөз алып, қайғыға ортақ екендіктерін білдірді.

Түйін: «Үш батыр қыздың» ескерткіші алдына жиналған халық көз жастарына ерік беріп, көңілдерін босатты. Ел-жұрт осылайша еске алып, Ситерлердің отбасына түскен қайғыны халық болып бірге көтеруде. Бірақ, бес баланың орнын қайтып толтыра алмасы анық. «Өрт – тілсіз жау» дегендей, өзекті өртейтін жағдай қайталанбауы үшін барлық құзырлы органдар жұмысты жауапкершілікпен атқаруы тиіс.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
43 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
159 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
411 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
674 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
912 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
946 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1100 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1294 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1527 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1614 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1724 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1733 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1761 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1766 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1870 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2091 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»