8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қаңтар 2021 1513 0
Қоғам

ҚЫСҚЫ ЖОЛДЫҢ КҮТІМІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

19 қаңтарда Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың және жауапты мекемелердің қатысуымен қысқы жол күтімі бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығы талқыланды.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары жүргізілген мониторингтердің нәтижесі бойынша Батыс Қазақстан облысындағы республикалық тас жолдардың 25 пайызы мұзбен жабылған және көлік қозғалысы үшін өте қауіпті екендігі атап өтті.

Қазіргі уақытта тас жолдардағы автомобильдер сағатына 50 – 70 км – ден артық жылдамдамдықпен жүре алмайды, ал еңістер жүргізушілер үшін нағыз сынақ болып отыр.

Облыс аумағы бойынша бір жарым мың километрге жуық Республикалық маңызы бар тас жолдар өтеді. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамау бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар жолданғанымен нәтиже болмай отыр.

Жауапты мекемелер өз тұрғысынан жолдарды күтіп ұстауға техника және құралдар жетіспейтігін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі қысқы жол күтіміне жауапты мекемелерге қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды және жауапкершіліктері туралы ескертті.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»