8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2021 1629 0
Дені сау ұлт

ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ВАКЦИНА АЛЫҢЫЗ!

Шілденің 27-ші жұлдызында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев @elbasy_live инстаграм парақшасында Қазақстан халқын коронавирусқа қарсы екпе қабылдап, індеттің жолын тоқтатуға шақырды.

– Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Індеттен амансыздар ма, ағайын, – деген Елбасы әрі қарай өз сөзінде: – Коронавирус бұл ауыр вирус. Қорқудың қажеті жоқ. Қашан ауырып қалам деп ойлап жүргенше, осыны жасау керек. Тәжірибе көрсетіп отыр, вакцинациядан кейін ауырса да, ол аурудың жеңіл түрінде өтеді. Сондықтан қорықпай халқымыз осыны жасауы керек, – деді. Сонымен қатар Тұңғыш Президент өзінің таңдауы Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасына түскенін айтып, ел тұрғындарына мықты денсаулық тіледі.

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ 44 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, өңір халқының 44 пайызы коронавирусқа қарсы егілген. Күн санап денсаулығы үшін алаңдаушылар қатары артып отыр. Бұл қуантарлық шара екені белгілі. Екпе кабинеттері барлық аудандарда бар. Өткен жылы облысқа тоғыз жылжымалы екпе жасауға арналған көлік сатып алынған. Бүгінде аудандар мен облыс орталығында мереке және демалыс күндеріне қарамастан, егу кабинеттері жұмыс жасайды. «Біздің міндетіміз – қалыпты өмірге оралу және бетпердесіз еркін жүру. Иммундаудың нәтижесінде ғана еркін өмір сүре аламыз, бізде популяциялық иммунитет қалыптасады», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

– Өздеріңіз білесіздер, қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны артты. Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 350 050 дозасы келіп түсті. Атап айтқанда, Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы 277 050 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 45 күнді құрайды, қаулыға сәйкес азаматтардың өтініші негізінде 21 күннен 90 күнге дейін екпе жасалады. Отандық «QAZVAС» вакцинасы 7000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 21 күнді құрайды. Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген «Hayat-Vax» вакцинасы 50 000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 14-28 күнді құрайды. Қытайда өндірілген «CoronaVac» вакцинасы 16 000 доза. І және ІІ компонент жасау аралығындағы интервал 1428 күнді құрайды. Өткен аптамен салыстырғанда вакцинация қарқыны 68,4 пайызға төмендеді (шілденің 16-нан 22-не дейін – 7724 адам, 9-нан 15-не дейін 24 468 адам).12 шілде күні бізде тәулігіне вакцина алғандардың рекордтық саны тіркелді, яғни 5179 адам. Бүгінгі таңда облыс халқының 44 пайызы вакцина алды. Баршаңызды екпе алуға шақырамын, – деді облыстың бас дәрігері Арман Талғатұлы. Айта кеткен жөн, кем дегенде тәулігіне екі мың адам екпе қабылдауы тиіс болса, ең көп дегенде облыста орташа есеппен бір күнде мыңнан аса адам ғана вакцина алып отыр. Көпшілікті алаңдатқан мәселе – «Спутник V» вакцинасының уақыт аралығы. Бұл аралық Ұлттық эпидемиологиялық және микробиологиялық ғылыми зерттеу орталығының ресми мәліметі бойынша 45 күнді құрайды. Сонымен қатар ІІ -ші компонентті І-ші компонентті салдырғаннан кейін 21 күннен 90 күнге дейін алуға болады. І-ші және ІІ-ші компоненттер арасындағы аралықтың ұзаруы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін ескеруі қажет екені айтылған. 27-ші шілде күнгі ақпаратқа сүйенсек, Тасқала, Жәнібек, Қаратөбе, Бәйтерек, Қазталов ауданы халқының 50 пайыздан астамы екпе алып үлгерген. Сарапшылардың пікірінше, COVID-19-ға қарсы вакциналар мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрінен қорғайды. Бүгінде әлемдегі маңдайалды ғалымдар індеттің 50-ден астам салдарын және бірнеше жылға созылатын ұзақ мерзімді әсерлерін анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары COVID-19ға қарсы вакциналар мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрінен қорғайтынын алға тартуда.

МІНДЕТТІ ВАКЦИНАЛАУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРДІ

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, міндетті вакциналаудың мерзіміне өзгеріс енгізілді. Яғни, қоғамдық орындар мен қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтіндер екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін салдыруы керек. Одан кейін тексеру жүргізіліп, ұжымда вакцина салдырмаған қызметкері бар кәсіпорын жауапқа тартылуы мүмкін. Ал екпенің екінші компонентін алу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы тиіс. Тағы бір өзгеріс жұмыс беруші коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуге құқылы. Бұл талап тек соңғы үш айда індетпен ауырып шыққандар мен медициналық қарсы көрсетілімі барларға қатысты емес. Сонымен қатар енді елге ұшып келген қазақстандықтар сынама тапсыру үшін үш күнге оқшауланады. Шеттен вирус жұқтырып келгендер инфекциялық стационарға жатқызылады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
225 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
234 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
374 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
669 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
761 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1007 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1274 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1502 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1539 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1692 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1888 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2111 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2198 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2313 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2314 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»