ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ТӘРТІП САҚШЫСЫНА ТӘН
Орал қаласында тәртіп сақшысы бойжеткенді ажалдан арашалап қалды. Жас қыз көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Абырой болғанда, көпірдің қасынан жеке көлігімен өтіп бара жатқан полиция қызметкері қырағылығы мен шапшаңдығының арқасында бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды. 
Жақында Орал қаласының полиция басқармасы айдауылдау қызметі взводының бөлімше командирі, полиция старшинасы С.Балданов өзінің жеке «Ауди» маркалы жеке автокөлігімен Орал қаласындағы «Динамо» спорт базасының қасындағы көпірден өтіп бара жатқан кезде сыртқы киімін шешіп, аталған көпірден секірейін деп тұрған 20-25 жас шамасындағы бейтаныс қазақ қызын көреді. Көпірдің тұсынан өте беріп, айнадан қараған кезде қыздың жоқ екен байқайды. Сол сәтте ойында сол қызды құтқарудан басқа ешнәрсе болмаған тәртіп сақшысы автокөлігін шұғыл тоқтатып, әр секундтың қыз өмірі үшін қымбат екенін түсініп, көп ойланбастан қызды құтқару үшін көпірге қарай жүгіреді. Жүгіріп келіп қараса, қыз көпірдің екінші жағына шығып, төменгі тұсындағы шығыңқы темірге отырып, қыз аяғын салбыратып, қолымен көпірдің темір қоршауынан ұстап, өмірімен қоштасуға дайын отыр екен. Көпірден секіргелі тұрған қызды сөзге тартып, райынан қайтарғысы келіп, оның қолынан ұстаған кезде, қыз көпірден секіріп үлгереді. Алайда полиция старшинасы С.Балданов қыздың сол қолынан қатты ұстап алып, айналасындағылардан айқайлап көмек сұрайды. Көмекке келген белгісіз автокөліктің жүргізушісі екеуі қызды тартып шығарып алып, полиция қызметін және жедел жәрдем шақыртады. Кейін көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азаматшаның 1988 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Тұрмыстың тауқыметіне төзе алмаған жас қыз өмірімен осылайша есеп айырыспақ болған екен. Артынан ажал аузынан аман қалған қыздың жүкті екені және эпилепсия ауруымен ауыратыны белгілі болды. Жедел жәрдем келгенше тәртіп сақшысы оны әңгімеге тартып, ақылын айтып отырған сәтте, қыздың талықсып бара жатқанын көреді, қолға ұстар нәрсенің жоғына қарамастан, көмек келгенше саусағын аузына салып барынша алғашқы көмегін көрсетеді. Артынша облыстық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта құтқарылған азаматшаның жай-күйі бір қалыпты екені анықталды. Осыған ұқсас жағдай қыркүйектің 18 күні орын алды. Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері патрульдік қызмет атқару кезінде тағы бір оқыс жағдайдың жолын кесті десе де болады. Құрамында Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Серік Сырымов және полиция кіші лейтенанты Нұрхат Сұңғатұлынан құралған №885 жаяу патруль полиция жасағының қызметкерлері аулалар мен көшелелерді тексеру кезінде көпқабатты үйдің 8-ші қабатында балконнан аяғын төменге салбыратып отырған жасөспірімді көреді. Мұны көрген полиция жасағы дереу сол пәтерге жетіп келеді. Сөйтсе баласынының қайда отырғанынан бейхабар ана сол сәтте ғана баласының балконда отырып, қауіпті жағдайда «селфиге», өз-өзін фотосуретке түсіріп отырғанын біледі. Тәртіп сақшылары ана мен балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде азаматтық және қызметтік міндетін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен қырағылық танытқаны үшін Орал қ. ПБ айдауылдау қызметі взводының бөлімше командирі полиция старшинасы Самат Сағидоллаұлы және Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Серік Сырымов және полиция кіші лейтенанты Нұрхат Сиполла департамент басшылығы тарапынан марапатталды.
Асылай ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД баспасөз қызметкері

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу