8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1657 0
Қоғам

ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТКЕН АССАМБЛЕЯ ҮЙІ

Шаһардың солтүстік-шығыс бөлігі күн санап жаңа ғимараттармен толығып келеді. Елімізде теңдесі жоқ Салтанат сарайы, Қадыр Мырза Әлі орталығы, теннис корты сынды нысандардың қатарына жуырда сәні мен салтанаты келіскен Қазақстан халқы Ассамблеясы үйі қосылды. 

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында өңірлерде мамандандырылған Достық үйлерін салу жөніндегі тапсырмасына сай салынған Ассамблея үйі өз жұмысын бастап кетті. Ғимаратқа аяқ басқаннан алдымен көзге түсетіні – төрге орналастырылған «Қазақстан халқы ассамблеясы» эмблемасын біріктіріп тұрған этномәдени бірлестіктердің ұлттық өрнегінен құралған композиция (суретте).

Ғимараттағы толық жасақталған медиация кабинеті бүгінде адамдарды қабылдауға толық дайын. Елбасы Н.Назарбаев сотта қаралуға жататын дауды азайтуды және оның шешілуіне жанама амалды енгізуді тапсырып, соның ішінде татуластыру рәсімі және медиация туралы атап өткен еді. Ал ҚХА Қазақстандағы қоғамдық және ұлтаралық қатынастағы басты модератор ретінде алынады. Сол себепті қоғам мүшелері ҚХА жанынан медиациялық орталықтарды ашуды ұсынған болатын. БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптама тобының мүшесі, сараптама-талдау бөлімінің басшысы Әсия Жуминаның айтуынша, Ассамблея жанынан медиация институтын ашудағы мақсат – қоғамдық және ұлтаралық қатынастағы жанжалдардың алдын алу. Мамандардан қандай да бір кеңес, өзін толғандырған сұрақтарға жауап алу үшін 24-42-32 сенім телефоны жұмыс жасайды.

– Облысымызда 200-ге жуық кәсіби емес медиаторлар бар. Бұлар негізінен қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері. Олар ортасында сыйлы, қоғамда өзіндік орыны бар жандар. Ассамблеяда негізінен осы адамдардың сөзі өтімді. Мәселен, кейбір жағдайда тұрмыстық жанжал шектен шығып, ұлтаралық егеске ауысып кетуі мүмкін. Біздің мақсатымыз – осы жағдайға жеткізбеу. Кәсіби емес медиаторлар ауыл-аймақтың өзінде осы жұмыстармен айналысып келеді. Алдағы күндері кәсіби емес медиаторларды оқыту, профилактикалық семинарлар жүргізілетін болады,  – дейді Әсия Төлеубайқызы.

Орталық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және медиациялық бірлестіктерімен тығыз жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бірінші қабаттағы  мәжіліс залы, екінші қабаттағы концерт залы бүгінде мемлекеттік деңгейдегі және ұлттық орталықтардың шараларын өткізетін басты орынға айналды.

Ғимараттағы тілдерді үйретуге арналған мультимедиялық сыныптардың маңызы зор. Тілдер кабинетінің жетекшісі, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Света Ганиева бүгінгі күні қазақ тілін үйренуді мақсат еткендердің тізімі жинақталып  жатқанын жеткізді. Бұйырса, мамыр айында оқу басталмақ. Ассамблея үйіндегі этнос өкілдері және тіл үйренуге ниетті қала тұрғындары қазақ және ағылшын тілдерінен тегін сабақ алатын болады. Жексенбі күндері жұмыс жасайтын ана тілі кабинеті – әр ұлттың өз ана тілін үйренушілерге ұйымдастырылған мүмкіндіктің бірі. Бұл кабинетті оңынан пайдалануды жөн деп тапқан армян және корей этномәдени бірлестіктері өз ана тілдерін оқытатын мұғалім іздестіруде.

Әр этно-мәдени орталық ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан өздеріне тиесілі кабинеттерін қалауларына қарай жасақтапты. Мәселен, корей мәдени орталығы бөлмесінде сакура ағашының суреті негізге алынған. Сакура күншығыс елінің жылылығын сезіндіріп, ұлы достық белгісі саналады-мыс. Оралдағы корейлердің этномәдени орталығы 90 жылдары құрылған. Орталықтың алғашқы төрағасы – А.Ким. Одан кейін В.Хон, А.Ким, В.Мун жетекшілік етті. Ал бүгінгі күні бұл тізгінді Маким Пак ұстап отыр. Қазіргі таңда этно-мәдени орталық «Болашаққа көзқарас» жобасын жүзеге асыруда. Әлеуметтік жоба ҚХА-ның 21 сессиясында қаралған халықтың барлық тобымен жұмыстану идеясын жүргізуді мақсат етеді. – Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде еуропалық жүйені енгізуді қолға алмақпыз. Ерікті қозғалыс ретінде жастарға басымдық бере, өз жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Ал жобаның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс жасауына мүмкіндік беру, еңбекке араласуына және олардың өз кәсіптерін ашуына қолдау көрсету, – дейді бірлестік мүшелері.

«Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы да осы нысаннан өздеріне кабинет алғандардың бірі. Шешендерді біріктіріп, қоғам құруға мейлінше еңбек сіңірген М.Бокаев бүгінде Ассамблея жұмысының жандануына айрықша үлес қосуда. Қоғамдық бірлестікке 20 жылдан астам уақыт бойы Д.Саратов жетекшілік етіп келеді. Өңірімізде түрлі әлеуметтік-экономикалық салада табысты еңбек етіп жүрген 1000-нан аса шешен бірлестік мүшелері саналады. «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға үн қосып жүр. Қазіргі уақытта олар қайта жаңару, ұлттық дәстүрлерді сақтау, тарихты және ана тілдерін үйрену жұмыстарымен айналысуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінен өз кабинеттерін иемденген татар этносы кез келген шараларын осы бөлмеде атап өтуді әдетке айналдырды. Бірлестік мүшелерінің мерейтойлары, атаулы мерекелері барлығы осында өтеді. 1990 жылы құрылған орталық қазір Флюра Милекееваның жетекшілігінде. Этномәдени орталық жанынан татар тілін оқытуға арналған «жексенбілік мектептер» жұмыс жасайды. №1, 5, 19, 20 орта мектептерде татар ұлтының балғындары өз ана тілдерін үйреніп, тарихымен, ұлттық дәстүрлерімен танысқан. Қоғамдық іс шараларға белсене қатысып жүрген бірлестік 1 наурыз – Алғыс айту күнінде де қайырымдылықтан шет қалмады. Дәл осы күні олар «Hairs» шаштараз салонының халыққа тегін қызмет көрсетуіне себепкер болды.

«Орал «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамы Оралда неміс мәдениетінің өркендеуіне септігін тигізген орталық. «Хаймат» немісшеден аударғанда «Отан» деген сөз. 2000 жылдары миллионға жуық немістер Қазақстандағы этникалық топтардың ішінде үшінші орында болған еді. Бірақ тарихи Отанына оралуына байланысты олардың саны күрт азайды. Статистикалық мәліметтер бойынша облысымызда мыңға жуық неміс бар. Қоғам мүшелері дәстүрлі тұрмысын ұмытпай, өз ұрпақтарына жеткізуде жұмыстануда. Олар отбасыларында ұлттық тағамдарын әзірлеп, туған тілдерінде сөйлейді.

Жоғарыда аталған орталықтармен қатар армян, дүнген, ұйғыр, еврей, орыс және басқа да ұлт өкілдерінің қоғамдық бірлестіктері жаңа нысаннан кабинет алып, жұмыстарын жаңа ұяда ерекше леппен жалғастыруда.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз хатшысы Толқын Нұрғуатова Ассамблея үйі Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» төртінші бағыты бойынша жұмыстанатынын айтты. Ұлт жоспарында атап көрсетілген «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы негізінде қазақстандықтардың біртектілігін нығайту және азаматтық қоғам бүтіндігін қалыптастыруға арналған қайырымдылық шаралары бастау алды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырыла бастаған «Этностар күні» ассамблея жұмысын жандандыруға мол мүмкіндік берді.

Эльмира Нұғманова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
80 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
85 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
486 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
627 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
661 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
937 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
949 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1073 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1374 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1468 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1497 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1705 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1976 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2197 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2246 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»