8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2019 2039 0
Жалын

ҒЫЛЫМДЫ ИГЕРУГЕ ҚҰЛШЫНҒАН ЖАС

Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық. Елімізде азаматтардың сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Тіпті, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтар қаншама?! Әсіресе,  соңғы жылдары Ресейдің ақпараттық жүйелер саласы бойынша білім алып жүрген жастардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. Солардың бірі – «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің академиялық серіктесі  Татарстан Республикасында орналасқан Альметьевский мемлекеттік мұнай институтының студенті Аида Ауганова. Қазіргі таңда Қазақстанның батыс аймағы және Орал қаласының 30-дан  аса студенті қоғамға қажетті мамандықтар бойынша аталмыш институттың алдыңғы қатарлы мұнай-газ, энергомеханика, экономика және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінде білім алып жүр. Арманы асқақ, көңілі таза, Отанына, еліне көмегі тиетіндей білімді, өз мамандығының шебері, білікті маман болуды көздейтін Аидамен тілдесудің сәті түсті.

Жастар  болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашу  ата-анамен мектептің, қоғамның міндеті. Білім мен ізденімпаздықты бойына серік еткен Аида Ауганова 1999 жылы 19 мамырда Сырым ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында дүниеге келіпті. Талдыбұлақ орта мектебін «Алтын белгімен»  тәмамдаған  Аида биология-химия бағытын таңдайды. Жастайынан тіс дәрігері болуды армандаған талапты жас болашақта жұмысқа орналасуға да осы мамандық қиындық тудырмайды деген ойы болғанын да жасырмайды. – Бір себептен анам секілді дәрігер болып, елге пайдамды тигізгім келді. Сөйтіп қай оқу орнында білім алу керегін ойланып жүргенімде, ағам Татарстандағы  Альметьевский мемлекеттік мұнай институты жайлы көп айтты.  Алғашында Татарстан деген атын естігеннен-ақ шошығаным рас.  Тіптен басқа елде білім алып жүргенімді елестете алмай, уайымдадым. Содан 2017 жылдың маусым айында ағам хабарласып, емтихан қабылдауға арнайы топ келгенін айтып, қалаға шақырды. Әкеммен ақылдасып, сынақ тапсырдым. Абырой болғанда, Альметьевский институтының энергомеханикалық факультетіне «Электроэнергетика» мамандығы бойынша оқуға түстім. Сөйтіп арманымды өзгертуіме тура келді,  – дейді сол күндерді еске алған студент қыз.

Бұрындары «шетелде оқып келді» дегенді жиі ести бермейтін едік. Бүгінде шекара асып, білім қуып жүргендердің қарасы қалың. Аида Татарстанға алғаш келгенде өзі секілді қазақ жастары көп екенін көріп қуанды. Қазақ мектебін бітіріп барған қаршадай қыз үшін шет елде басты қиындық – тіл мәселесі болды.  Бірақ, өзіне артылған жауапкершілік пен міндетті сезінген ол тынымсыз ізденіп, нақты нәтижеге жетуге тырысты. Өзге тілді меңгерді. Ең бастысы – ресейлік жастарға  ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өз еліне қызмет етуге деген құлшынысы биікке жетеледі. «Сонда ғана біздің өзгеден ойымыз да, бойымыз да озық болары сөзсіз» дейді бойжеткен. Осы мақсатта намысқа тырысқан жан-жақты студент «Голос» студиясының құрамында көптеген конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалайды. Осылайша қоғамдық жұмыстардың да бел ортасынан табылған Аиданың қазақ тілінде ерекше сезіммен шырқаған әндерін өзге ел жастары сүйсіне тыңдайтын көрінеді.  – Татарстан жастары мені жатсынбады. Бірден бауыр басып кеттім. Жатақханада тұрамын.  Институт үш корпусқа бөлінген,  полиграфиялық орталық, студенттер жатақханасы және асханадан тұрады. Оқу орнының кітапхана қоры 140 мың данадан асады. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, ғаламторға қосылған 15 компьютерлік класс бар.    «Татнефть» ашық акционерлік қоғамымен бірлесе институт базасында оқу-білім орталығы жасақталған. Спорт кешені кеңейіп келеді, яғни екі спорт зал, ашық стадион, жаттығу залы, диагностикалық орталық құрамына кіреді. Бұдан өзге институт қосымша «Татнефть» ААҚ спорт кешенінің жүзу бассейні мен бірнеше спорт залдарын жалға алып отыр. Оқимын деген жасқа оқу ордасында бар жағдай жасалған, – дейді ол.

Бүгінде институттың 2 курсында оқып жүрген студент барлық пәндерді жетік меңгеріп, жоғары көлемдегі шәкіртақы алып жүр.

– Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөлуде.  Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын  мықтап қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалғаны үшін қуанамын. Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгуі керек. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда  дүниедегі жаңалықтардан, білімнен, тіл үйренуден кеш қалмау керек. Еліміз тыныш болып, көк Туымыз мәңгі желбіреп, желбіреген тудың астында ел болашағы үшін  бәріміз бірге жұмыс жасасақ нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Аида Жайболатқызы. Аида секілді  жүрегінде еліне деген махаббатын шексіз сыйдыра білген ұландарымыз барда, Қазақстанның байрағы биікте желбірей берері хақ.

Түйін: Елбасының «Рухани жаңғыру», «Болашақ» бағдарламалары мен Қазақстан халқына Жолдауларында айтылатын білім беру, бәсекелестік қабілетті арттыру – ең өзекті мәселелердің қатарында. Өркениетке ұмтылған дамушы мемлекет үшін бұл ұстаным өте маңызды. Өйткені уақыт талабына сай озық ғылымды игеруге деген бетбұрыс пен құлшынысы қатты қуантады. Бәсекелестік қабілетімізді арттыратын осындай білімді жастар. Сондықтан да шетелде оқыған азаматтар елдің дамуына өз үлестерін қосуы тиіс. Аидадай жастар өз замандастарына үлгі болуға әбден лайық.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
53 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
235 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
423 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
672 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
751 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
856 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
864 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
885 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
902 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1002 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1224 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1541 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1424 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1531 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1522 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1653 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1698 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1644 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1653 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1759 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»