8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 2631 0
Без рубрики

ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ – ЖАҢАШЫЛДЫҚ АРҚАУЫ

          Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасының жарық көргеніне екі жыл толуына орай және «Жастар жылы» аясында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен «Инженерлік ғылым, жастар және ғарыш – Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық байланыстардың инновациялық дамуының негізгі факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қатысқан  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиев жиналғандарды өңір басшысы Алтай Көлгіновтың атынан Ғылым қызметкерлері және Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күнімен шын жүректен құттықтады. 

– Ең алдымен осындай жоғары деңгейде конференция ұйымдастырып отырған Ақсерік Сарыұлы бастаған «ҚазИИТУ»  ғылыми-білім кешені ұжымына алғыс білдіремін.  Осындай басқосуларды барынша пайдаланып, жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, жаңа идеяларды жүзеге асыруға үйретуіміз қажет. Сонда ғана жұмысымыз нәтижелі болады. Бүгін Ғылым қызметкерлері және Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні мерекесі. ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен оның филиалдарының алдында ғылыми техникалық ілгерілеушілікті өндіріске енгізуде үлкен мақсаттар тұр. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында Біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін атап өткен болатын. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті, дамыған, жаңа технологияларды меңгерген мемлекеттердің сапына енуі үшін еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға баса көңіл бөлінеді.  Естеріңізде болса, Елбасы 2000-ыншы жылдары бізге біртіндеп жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгеруіміз керегін  айтқан еді. Қазір жастардың көбісі инновацияны дамытуға үлес қосып, тың жобаларын ұсынып жүр. Біздің өңіріміз Ресей Федерациясымен үлгілі қарым-қатынас орнатты. Екі ел арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі ретінде ресейлік ғалымдар жаңа идеяларымен бөлісіп жүр, – деп салтанатты шараның шымылдығын ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиев  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттік ректоры Арайлым Айтқалиеваға «Үздік студент» төсбелгісін тақты.

Жиында сөз алған экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ақпараттық технологиялар және басқару институтының құрметті профессоры Құндыз Нупов конференцияға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап,    болашақ мамандарды дайындау, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Кәрім Өтеғұловқа ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың атынан «Қазақстанның құрметті азаматы» орденін тапсырды. Ал Ресей инженерлік академиясының бірінші вице-президенті Валерий Никулин екі ел арасында түрлі бағыттағы серіктестік нығайғанын атап өтіп, ғылым мен техниканы өркендетудегі  аталмыш ғылыми-білім кешеннің жұмысына жоғары баға берді. Ресей ғалымы еңбек ардагерлері Нұрлыбек Бірманов пен Клара Саржанованы «За преданность космонавтике»  медалімен марапаттады.

Жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы,  академик Ақсерік Әйтімов «Инженерлік ғылым – Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстан Республикасының технологиялық серпілісінің факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасап, өңір жастары арасында робототехника мен ғарыштық технологияларды насихаттауда оқу орнының демеушілік етуімен түрлі деңгейдегі чемпионаттар, көрмелер ұдайы ұйымдастырылатынын және бұл істе академиялық серіктестер, яғни ресейлік алдыңғы қатарлы оқу орындары өкілдерінің ғылыми-әдістемелік көмегі зор болғанын жеткізді.

Шара барысында РФ Орал қаласындағы бас консулы Андрей Батманов, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және Хьюстон университетінің  (АҚШ) профессоры, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің академиялық ректоры Юрий Афонин,  Ресейдің философия ғылымдарының докторы Фарах Сухейль тағы басқа да шара қонақтары сөз алып, ғылым мен инновацияның келешегі туралы жаңалықтарымен бөлісті.

Бұл күні білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің оқытушылары Альфия Қарыбаева «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»  Республикалық қоғамдық  бірлестігінің Алғыс хатын иеленсе, Алмажай Иманғалиева «Ұлағатты Ұстаз», Тұрсынгүл Душаева «Үздік педагог», Гүлзада Ізтелеуова, Ажар Есенбекова, Әлия Сарекенова, Дина Аксенова, Мира Гусманова, Дулат Жаманғарин «Қазақстанның үздік ұстазы» төсбелгілерімен марапатталды.

Жиын соңында Ресейдің «Дубна» мемлекеттік университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Екі күнге созылатын конференция түсауа аталмыш ғылыми-білім кешенінде секциялық отырыстарға жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
28 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
147 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
403 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
661 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
903 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
937 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1091 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1285 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1519 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1606 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1716 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1725 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1753 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1758 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1862 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2082 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»