ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҰСТАУДА ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұлттық Ұлан жауынгерлеріне Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Иманәлиев Алғыс хат табыс етті. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

25 ақпанда шамамен сағат 00.30-да Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 77-үйдің маңында орналасқан «Лига Камаз» дүкенінің іргесінде күдікті бұрын сотталған В. және оның сыбайласы Р. ашық түрде Д.есімді азаматтың 150 000 теңге көлемінде ақшасын және «Самсунг 41» маркалы ұялы телефонын тартып алып, қылмыс жасаған жерден қашып кеткен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігіне сай тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері және №5517 әскери бөлімшесі қызметкерлерінің жедел–іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде жоғарыда аталған күдіктілерді ұстады. Олар ҚР ҚПК-нің 128-бабына сай қамауға алынды, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Осылайша, Орал қаласы Полиция басқармасы жеке құрамының және №5517 әскери бөлімінің жедел әрі қырағы әрекет етуінің нәтижесінде ауыр қылмыс ашылды.
2021 жылғы 28 ақпанда өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен қырағылық танытып, қалта ұрлығы қылмысын ашып, жоғары біліктілік көрсеткендері үшін №5517 әскери бөлімінің бірнеше қызметкерлері грамотамен марапатталды. Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Иманәлиев Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің лейтенанты Болысбек Тұрмұхаммед Ғалымжанұлына, Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің сержанты Наурызғалиев Армат Серікұлына, Ұлттық ұланның №5517 әскери бөлімінің қатарындағы Кужахметов Мейрбек Бауыржанұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Қайнар Нұркелді Мұхтарұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Хайдаров Бекболат Асанұлына Орал қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы алдында салтанатты түрде «Алғыс хат» тапсырды. Қызметтеріне табыс тілеп, бірлесе атқаратын істерінің сәтті болатынын айтты.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу