8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 1960 0
Қалалықтар қаперіне

ВЕТЕЛКИ МЕН НОВОСТРОЙКАҒА СУ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

  Өткен жылы Орал қаласы әкімінің Деркөл елдімекені тұрғындарымен есептік кездесуінде қойылған сұрақтардың бірі – Ветелки ауылына таза ауыз су жеткізу болатын.         

 

Биылғы есептік кездесу жиынында қала басшысы Мұрат Мұқаев ауыл тұрғындарының өтініші аяқсыз қалмағанын, су тарту жұмыстары биыл басталатынын хабарлады.

– Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен қаражат толық бөлінді. Бұған облыс әкімі де тікелей араласып, тиісті сала басшылары жұмыстанды. «Көкжиек» шағынауданындағы емханадан әрі қарай Новостройка, Ветелки ауылдарына су құбыры тартылады. Әр үйге кіргізіп береміз. Қазір конкурстық рәсімдер жүргізілуде, – деп қуантты Мұрат Рахметұлы.

Су тарту жұмыстарына 384 млн. теңгеге есептелген. Бүгінде 337 млн. теңге көлемінде бөлініп отыр. Жобаны жүзеге асыру 8,5 айға жоспарланған.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»