УРОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
25 ақпан күні БҚО көпбейінді аурухананың базасында Ақтау қаласындағы «Софимед» медициналық орталығының жоғары санатты дәрігер-хирургы Мұхамеджан Нұрғазиев оралдық хирургтармен урологиялық оталарды жасау тәжірибесімен бөлісті.

5 лапароскопиялық операция жасалды. Хирург М.Нұрғазиев екі науқастың бүйрегінен кисталарды алып тастауға көмектесті. Бір науқастың несеп жолына тас жиналған болса, бір науқас жамбас-несепағар сегментінің құрылымдарындағы бұзылулар түскен болатын, ал тағы біріне гидронефроз диагнозы қойылған болатын.
Заманауи технологиялардың көмегімен операцияның жасалуы барысын оралдық хирургтар ғана емес, басқа өңірлердің де дәрігерлері бақылай алды. Трансляция зум-конференциясы арқылы жүргізілді. Мұхамеджан Есенгелдіұлы жүргізіліп жатқан операциялар туралы, оның нюанстарына назар аударып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, операцияның жүргізілуі талқыланып, пациенттерді емдеудің ұқсас түрлеріне кеңес берілді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде дәрігерлер ең аз жарақат алған науқастарға жедел түрде хирургиялық емдеу жүргізе алды, ал хирургтардың өздері білімдерін едәуір толықтырды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу