8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2020 1113 0
Қоғам

УЛЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ҚАУПІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН ДАТЧИКТЕРДІ ОРНАТУ ЖАЛҒАСАДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы туралы баяндады. 

Электр техникалық құрылғыларды, жабдықтарды және жылыту пештерін қайта құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу тұрғын үй секторында өрттің пайда болуының негізгі себептері саналады. Отты абайсыз пайдалану, сөндірілмеген темекі, жерге тасталған сіріңке, пештің үстіндегі киімді кептіру, төсекте темекі шегу де тілсіз жаудың тұтануына себеп болаын жағдайлар аз емес. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков  өткен жылғы жылу беру маусымының қорытындысын ескере отырып, 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бойынша кешенді шаралар қабылданып, тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстары қайта қаралғанын мәлім етті. Осылайша, 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымында  тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс – шаралар жоспары бекітіліп, тұрғын үй секторындағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған кезең-кезеңмен іс-шаралар көзделіп отыр.

– Барлық аумақтық бөлімшелерге тұрғын үйлердегі өрт кезінде, сондай-ақ жылыту кезеңінде улы газдан улану кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақат алу қаупін азайту бойынша шаралар кешенін үйлестіру және қабылдау бойынша міндеттер қойылды. Жоспардың басым бағыттарының бірі, міндетті түрде әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерін тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына, жетім балалар мен көп балалы отбасылар тұрғын үйлеріне комиссиялық баруды ұйымдастырып, қажетті әлеуметтік көмекті анықтап және жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету бойынша іс-шараларды орындау қажеттілігі болып табылады, – деді Нұрлан Сейдаханұлы.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік осал отбасылардың тізімін жаңартты. Жылыту кезеңі басталғанға дейін, яғни 15 қыркүйекке дейін халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін 100 пайыз  қамти отырып, комиссиялық аралау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу бойынша әлеуметтік карточка әзірленіп отыр. Ол тұрғын үйге барған сайын толтырылады. Аталған карточкада тұратын адамдардың саны, олардың әлеуметтік жағдайы, тұрғын үйдің жағдайы және т. б. туралы мәліметтер көрсетеледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа  өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде профилактикалық жұмыспен автономды жылыту жүйелері орнатылған төтенше жағдайлардың туындауына бейім тұрғын үйлер қамтылады.  Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуге волонтерлік ұйымдарды, өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерін, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарту мәселесі пысықталған. Улы газбен немесе жану өнімдерімен уланудың қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында тұрғын үйлерде улы және табиғи газдың жану өнімдерінің (түтіннің) қауіпті концентрациясын ерте анықтау датчиктерін орнату бойынша жұмыс жалғаса бермек.

Нұрлан Таубековтың мәлімдеуінше,  2020 жылдың 1 маусымынан бастап облыс аумағында 103 сенсор орнатылған.  2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің соңына дейін облыста 600-ден астам датчик орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылғы жылыту маусымы кезеңінде, яғни 2019 жылғы 15 қазаннан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Батыс Қазақстан облысы аумағында тұрғын үй секторында 517 өрт тіркеліп,  залал 8 млн.теңгеден астам соманы құраған. Өртте 18 адам қаза болып, 22 адам жарақат алған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
103 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
378 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
622 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
655 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
809 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1005 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1241 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1322 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1432 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1437 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1469 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1475 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1580 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2110 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1994 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2106 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»