8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2020 1316 0
Қалалықтар қаперіне

УАҚЫТША ЖАБУҒА ЖАТПАЙТЫН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАҢА ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ – БҚО БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2020 жылдың 30  сәуірі күні БҚО бас мемлекеттік  санитар дәрігерінің  №11-ПГВр  «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы шықты.

БҚО Бас санитарлық дәрігердің  қаулысында көрсетілгендей, Батыс Қазақстан облысының аумағында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Атап айтқанда,  Батыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізу, Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің аумағында кез келген қатынас жолдары арқылы тоқтаусыз транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру, Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен азаматтар мен көлік құралдарының (бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне қайтқан кезде; – бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне кірген басқа өңірлердің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан кезде;  бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары елімізден шыққан кезде, сондай-ақ әуе көлігімен одан әрі елімізден шығу мақсатында кіргендер; бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен БҚО азаматтары БҚО-ға қайтқан кезде; Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен БҚО азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға бағыт алған еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдар мүшелері, пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, әуе, теңіз кемелерінің экипаждары, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөліктерінің жүргізушілері;  БҚО азаматтары отбасыларының мүшелері болып табылатын шетелдіктер (туысқандық байланыстарын растаған жағдайда – (ері (зайыбы), олардың ата-аналары, балалары);  қала маңындағы аймақтарда тұратын және Орал қаласы/ауданда жұмыс істейтін тұрғындар, сондай-ақ Орал қаласы/ауданда тұратын, бірақ өңірлерде жұмыс істейтін тұрғындар (кіру/шығу – Орал қаласының/ауданның коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – ЖТ) басшысының шешімі бойынша және оның жеке жауапкершілігімен);  жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғалар мен автокөлік құралдары; Орал қаласының/ауданның жұмыс тобымен жеке тәртіпте қаралатын өзге де ерекше жағдайлар; – отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата/анасы), балалары, асырап алушылар, толық және толық емес туысқандық қатынастағы ағалары, апалары, аталары, әжелері, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдар, растайтын құжаттары болған кезде, сондай-ақ отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мүрдесін (денесін) жерлеу орнына апару үшін ілесіп жүрген адамдарды есепке алмағанда) кіруіне/шығуына тыйым салу. 

1.4. Өте қажетті болмаса, ауыл/кент/қала бойынша адамдар мен жеке көліктің қозғалысына тыйым салу, келесідей жағдайларды қоспағанда:

http://www.STOPCOVID.KZ. сайтында тіркелген қызметі Жедел Штабпен бекітілген салалар тізіміне енгізілген ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда, тұратын жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай қозғалуға.

– тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен  кемінде 2 км қашықтықтағы дүкендерден азық-түлік тауарларын сатып алу;

– тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен  кемінде 2 км қашықтықтағы дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

– тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен кемінде 500 метр қашықтықта үй жануарларын серуендету, кемінде 30 минут;

– медициналықмекемелергешұғылжағдайларда бару;

– күтпегентөтеншежағдайларжәнеадамныңөмірі мен денсаулығынақауіптөндіретінбасқа да жағдайларболғанжағдайдаүйденшығу;

Ескерту: тұрғылықты жерден қашықтықты бақылау онлайн карталардың (2GIS, Yandex карты, Googlemaps) қызметтеріарқылыжүзегеасырылатынболады. 

– туысқандар, таныстар, көршілер, әріптестер жәнет.б. баруға тыйым салынады;

– қоғамдық орындарда, бір отбасының адамдарын қоспағанда, үштен артық адамның жиналуына тыйым салынады;

– жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін Батыс Қазақстан облысы аудан/қалалары аумағында кәмелетке толмағандардың үлкендердің ілесуінсіз қозғалуына тыйым салынады.

1.5. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген және http://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелген уақытша жабылуға жатпайтын ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру:

Кәсіпорындар мен ұйымдар осы тізімге облыстың Жедел штабының шешімімен, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің өтініші бойынша немесе жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардың шешімі бойынша енгізілуі немесе шығарылуы мүмкін.

Облыстың Жедел штабының қабылдаған шешімі туралы ұйымдар мен кәсіпорындар http://www.STOPCOVID.KZ.сайты арқылы sms-хабарламалармен хабардар етіледі.

  • Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін өзгерту;

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеулі тәртіп аясында жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толтырылуы 3 адамнан аспауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен және антисептиктермен) қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Ауыл/кент/қаланың белгілі бір ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерін ерекше режимге ауыстыру;

Медициналық мекемелерінің, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі – БҚО ТКҚСҚБД) және оның аумақтық басқармаларының, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – БҚО ТЖД) және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін көліктер бөлінуі қажет.

БҚО аудандары мен Орал қаласының әкімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оларды орналасқан/тұрғылықты жерлерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай тасымалдау мақсатында көліктердің жүру маршруттары әзірленуі қажет.

  • БҚО аудандары елді мекендері, Орал және Ақсай қалаларында ауқымды ағымдағы дезинфекциялауды жүзеге асыру.

Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды тазалауды/тазалау жиілігін қарастырады:

  • карантинде ұсталатын емдеу мекемелері – аптасына 2 рет, сейсенбі және сенбі күндері;
  • азық-түлік базарлары – күн сайын;
  • тротуарлар, аялдама павильондары, алаңдар, саябақтар, гүлзарлар, контейнерлік алаңдар – күн сайын;
  • мемлекеттік мекемелер мен жұмысы тоқтатылмаған өзге де ұйымдардың ғимараттары – аптасына бір рет;
  • тұрғын үй кварталдарының аула аумақтары мен тұрғын үй кіреберістері – Орал қаласы/аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің басқаруымен және кесте бойынша.

Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТКҚСҚБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде далаға шықпау ұсынылады.

Халықпен алдын ала байланыс орнату (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.

Карантиннің ұзақтығы соңғы науқасты оқшаулау және жұқтыру ошағында дезинфекциялық іс-шаралар аяқталған сәттен бастап COVID-19 вирусының инкубациялық кезеңіне (инкубациялық кезең 14 күнді құрайды) байланысты анықталады.

  1. БҚО полиция департаменті:

1)   жоғарыда аталған талаптарды бұзушылық немесе орындамау анықталған кезде ҚР қолданыстағы заңнамасы және өз құзыреті аясында дереу шаралар қабылдасын;

2)   азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, гүлзарларда болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулердің сақталуы бойынша патрульдеу ұйымдастырсын;

3)   карантиндік аймақты толықтай қоршауды қамтамасыз етіп, қалаға жаяу кіру мүмкіндігінің жолын кесу;

4)   аса қатаң санкцияларға көшу, сондай-ақ алдын алу мақсатында мұндай фактілерді БАҚ-тарда кеңінен жарялау;

5) қоғамдық кеңістіктерді патрульдеу, оларды жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау жөніндегі шараларды күшейту;

6) қажет болған жағдайда басқа бағыттардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық құрамын жұмылдыру;

7)   төтенше жағдай кезеңінде сот төрелігін іске асыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша алгоритм әзірлеу;

8)   сыбыстар мен арандату ақпараттарының жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауға алу. Мұндай деректерді таратуға ұмтылушылықтың кез келген жолы қатаң кесілуі тиіс, авторларды анықтап, жазалау қажет.

  1. БҚО денсаулық сақтау басқармасына:

1)   созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін, оларды үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы шектеу. Аталған ұйымдардың тек жіті аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2)   пандемия дамуының әртүрлі нұсқаларына (соның ішінде ең пессимистік) қарай, дәрілік құралдармен қамтамасыз етілу жағдайын зерделеу.

  1. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, сондай-ақ Орал қаласы мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, дереу:

1)   тәулік ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сауда нысандарының, коммуналдық қызметтердің және өзге де ұйымдардың басшыларымен карантин аймағына кіруге және шығуға арналған шектеулердің күшейтілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2)   азық-түлік бөлімдерінде кезекке тұру бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру;

3)   қаланың дүкендерінде, супермаркеттерінде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында 2 метр сайын қозғалыс жолақтары мен қашықтық сызықтарын – «Жол таңбасын» орналастыруды қамтамасыз ету;

4)   барлық автобустарда қолдарын антисептикалық құралдармен өңдеу және жеке қорғаныш құралдарын тағу қажеттігі туралы хабарлауды ұйымдастыру.

  1. Ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесе:

1)   БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;

2)   тұрғындар үшін қосымша қабылданған карантиндік шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, азаматтар үшін сақтық шараларын алу, төтенше жағдай кезеңінде көшеде жүру ережелері туралы нұсқаулық әзірлеу;

3)   жағдайдың өзгеруі және ауырған науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.

  1. БҚО төтенше жағдай департаменті Орал қаласы және аудан әкімдерімен бірлесе халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында қалалық құлақтандыру жүйесін, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы дикторлардың дауыстап хабарландыру жүйесін іске қосу.
  2. Барлық аумақтық мемлекеттік органдарға және оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға, заңды тұлғаларға (меншік нысанына қарамастан), жеке кәсіпкерлерге:

1)   жұмыс күнін 2 (екі) сағатқа қысқарту;

2)   төмендегідей сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін:

  • қызметкерлерге қолғаптар мен бір реттік маскалар тарату;
  • орынжайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау;
  • дүкендер, дәріханалар, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерде санитайзерлер орнату;
  • орынжай ішінде адамдар санын шектеуді қатаң сақтау – 20 шаршы метрге 1 адамнан аспауы тиіс;
  • азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуі;
  • үй-жайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуын бақылау;
  • үй-жайдың ішінде және сыртында кезекте 5 адамға дейін шектеудің сақталуын бақылау;
  • үй-жайға жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге тыйым салу.

Батыс Қазақстан облысының  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы

 

30 сәуірдегі №11-ПГВр қаулысының қосымшасына сәйкес  уақытша жабуға жатпайтын, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді,

Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

  • ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
  • зертханалық қызметтер;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап медициналық орталықтар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап стоматологиялық клиникалар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

  • электр энергетикалық компаниялар;
  • сумен жабдықтау;
  • газбен жабдықтау компаниялары;
  • жылумен жабдықтау;
  • электриктер, сантехниктер қызметтері;
  • өрт сөндіру қызметі;
  • көшелер мен үй-жайларды жинау жөніндегі қызметтер;
  • қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
  • дезинфекциялау;
  • телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
  • қоғамдық көлік қызметтері, ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;
  • әуежайлар;
  • теміржолбекеттері;
  • пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
  • әлеуметтікқамсыздандыру;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:

  • тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса;
  • ауылшаруашылығы;
  • химреагенттер;
  • дәрілікпрепараттар;
  • медициналық жабдықтар/құралдар;
  • фармацевтика, химия өнеркәсібі;
  • санитарлық гигиена өнімдері;
  • үйге арналған қағаз бұйымдар;
  • машина жасау;
  • металлургия, дайын металл бұйымдарынөндіру;
  • жеңілөнеркәсіп.
  • мұнай-газ өнеркәсібі

сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

  • азық-түлік дүкендері (сағат 09:00 ден 21:00 ге дейін рұқсат етілген);
  • барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған көтерме жеткізілімдерді қоспағанда, Орал қаласының азық-түлік базарларының қызметін 2020 жылдың 11 мамырына дейін тоқтата тұру;
  • дәріханалар;
  • АЗС, АГЗС;
  • жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);
  • құрылыс, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, абаттандыру, тұрғын үй, жол және инфрақұрылым(аудандар мен Орал қаласы әкімдікдерінің тізімдеріне сәйкес);
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап құрылыс дүкендері, базарлардың аумағында орналасқан нысандарды қоспағанда;
  • автоқосалқы бөлшектер дүкендері (базарлардың аумағында орналасқан сауда нүктелерін қоспағанда);
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ауданы 500 ш.м. дейінгі сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік павильондарынасағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ауданы 500 ш.м. дейінгі азық–түлік емес дүкендерге – базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан сауда объектілерін қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (барлық бағыттар) жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап фотосалондар, гүл дүкендері (дүңгіршектер), базарлардың аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан объектілерді қоспағанда.

басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

  • тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
  • банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жабу, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жариялау, жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ге дейін шектеу, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат беру);
  • қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

  • жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
  • қарттар үйлері;
  • балаларғаарналғанүйлер;
  • үйсізадамдарғаарналғанорынжайлар;
  • жануарларға арналған орынжайлар;
  • жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
  • БАҚ.
  • Жиһаз өндірісі;
  • ТЖО, автожуу, шиномонтаж қызметі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап шаштараз,сұлулық салондары(жұмыс тәртібі – жазылу бойынша), базарлар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша ұйымдар, жарнама агенттіктері – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап адвокаттық қызметтер және нотариустардың қызметтері – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ателье және аяқ киім жөндеу – базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан нысандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

Ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
245 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
254 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
393 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
687 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
784 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1025 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1292 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1521 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1557 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1710 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1906 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2129 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2216 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2332 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2332 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»