«ҚҰТТЫ КҮНІ» ӘКІМІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін, жыл он екі айдың сұлтаны – Рамазан айының алғашқы күні Батыс Қазақстан облысының әкімі, Ақ Жайығымның көшбасшысы Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің жеке қабылдауында болдым.

Өңір басшысы таяуда абыройымды асқақтатып, мерейімді өсірген Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығыммен барша батысқазақстандықтар атынан тағы да құттықтап, құшағымды қырмызы гүлге толтырды.

– Оқырманға терең ой салатын шығармашылық еңбегіңіздің дер шағында еленгені, ескерілгені өте дұрыс болды. Естігенде қатты қуандым. Біз сізбен мақтанамыз! Елге деген патриоттық сезіміңізді, адами қасиетіңізді, ұлтжанды азаматша екеніңізді жастарға үлгі етеміз. Қаламгерлігіңізбен қоса, «Жайық үні» газетінің де абыройын беделіңіз арқылы арттырып, БАҚ саласында жемісті еңбек етіп келесіз. Алдағы уақытта та жүйткітіп жаза беріңіз. Сіз елге, келешекке, көркем әдебиетке керексіз, – деді жылы жүздесу барысында Алтай Сейдірұлы.

Осылай деп жазушысын жадыратқан, Миратайын марқайтқан облыс басшысына алғыстан басқа не айтасыз?! Алладан амандық қана тілеймін Көлгіновтер әулетіне. «Қыз тілегі – мақпал» деп, барша халқыма да, Жайықтағы жұртыма да мың алғыс! «Сабақты ине сәтімен» деп, негізі мені 2 мамыр күні қабылдайтын еді өңір басшысы. Өзіме тікелей қатысты себептермен сәті нақ бүгін, Ораза Айттың алғашқы жұлдызы күні түсті. (Мұның бәрін шашбауымды көтеріп қасымда жүрген БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы жақсы біледі). Бұл да Көктегі Тәңірдің Оразаға сақтаған сый-құрметі шығар маған деген. Әрине, «құтты күні» Әкімім қабылдады деп жақсылыққа жорыдым аталарыма сыйынып, салт-жоралғыға иіліп… Арайлы таңдар, жұлдызды сәттер көп болғай, бауырларым бәрімізде! Аман болайықшы…

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу