ТОЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗБЕУ ҮШІН ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫНАН ПАРА АЛҒАН
31 наурыз күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазталов ауданы басшылығының қатысуымен «БҚО Қазталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы А.Г.Ғизатуллинге қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыным қашықтықтық байланыс құралдарын пайдалана отырып қарады.

Ол 2018 жылы ауданның шаруа қожалықтарының кедергісіз субсидия алуына көмек көрсеткені үшін, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету шығындарын өтеу бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, салғырттық және шаруа қожалықтарының басшыларынан жалпы сомасы 390 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен еді.
Ағымдағы жылдың 30 наурызында БҚО Қазталов аудандық сотының үкімімен Ғизатуллин өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл және 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды. Бүгінгі күнге үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ғизатуллиннің қылмыс жасауының себебі мен шарттарына себеп болған жағдайлар анықталды. А.Г.Ғизатуллин 2018-2019 жылдар аралығында мекеме басшысының бұйрығымен Қазталов ауданы бойынша инвестициялық салым нысандарын тексеру бойынша мамандар тобының мүшесі болды.
Ғизатуллин «2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде №4 паспорт бойынша объектілерді тексеру барысында кейбір шаруа қожалықтарында құдықтың тереңдігін өлшеп, ұңғымаға жүгі бар арқанды түсіріп, содан соң құдыққа түсірілген арқанның ұзындығын өлшеп, осылайша құдықтың нақты тереңдігін орнатқан. Содан кейін құдықтың тереңдігінің сәйкессіздігін анықтаған, бұл ретте шаруа қожалықтарынан пара алып, актіде құдықтарды субсидия алуға сәйкес деп көрсеткен. Сонымен қатар, барлық шаруа қожалықтарында Ғизатуллин тереңдіктерді өлшемеген, тек сыртқы тексеру және судың бар-жоғын тексерумен шектелген.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін төмендетеді және теріс имиджді қалыптастырады.
Жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыс әкімі аппаратына ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде тиісті ұсыным жіберілді.
Сонымен қатар, тиісті бақылаудың жоқтығы және бағыныштылармен профилактикалық жұмыстардың әлсіздігі үшін «БҚО Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау ұсынылды.
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу