8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2020 2202 0
Қалалықтар қаперіне

Қ.ТОҚАЕВ: «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ»

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.

Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.

Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым.Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.

Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім.

Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.

Қадірлі отандастар!

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі.

Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған.

Сондықтан, біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз.

Бұл еліміздегі барша азаматтарға ортақ тілек деп санаймын.

Азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын.

Мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»