8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2019 2072 0
Қалалықтар қаперіне

Қ.ТОҚАЕВ: «ҮКІМЕТТЕ КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛАДЫ»

Мемлекет басшысы сайлаудан кейін алғаш рет журналистер алдына шығып сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Үкімет отставкаға кетуі мүмкін бе?» деген журналист сұрағына мемлекет басшысы заңнамаға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейтінін айтты. Дегенмен, кадрлық тағайындаулар болатынын жасырмады.

«Біздің заңнамаға сәйкес Үкімет қазір отставкаға кетпейді. Дегенмен нақты кадрлық тағайындаулар болады. Оның ішінде мен уәде еткен Үкімет мүшелеріне жаңа тұлғалар қабылданады. Олардың қатарында жас буын өкілдері де болады. Жалпы жастарға байланысты айтар болсам, өте қабілетті кадрларды қабылдау керек деп есептеймін. Президенттік кадр тізімін құрамыз. Оның құрамына барлық аймақтан 300 адам кіреді. Бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бірақ ең басты мақсат – жастарды мемлекет басқаруға жұмылдыру. Қазақстанның болашағы жастарға тиесілі. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осы бағытта жұмыс істейміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
358 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»