8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2022 58035 0
Мәслихат жаршысы

Тоқаев: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілінің Конституцияда тиісті орны бар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІ съезінде Қазақстан үшін ұлттық бірлікті сақтау маңызды екенін айтты. Президент еліміздегі тіл мәселесі жөнінде сөз қозғап, Конституцияда бекітілген қазақ және орыс тілдерінің мәртебесін еске салды.

«Мен БҰҰ-да жұмыс істедім, сондықтан ұлттық бірлікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін білемін, әсіресе көпұлтты мемлекеттерде.(…) Тілдерге қатысты кемсітушілікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Конституцияда бұл сұрақтың нақты жауабы бар: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ біздің еліміздің Конституциясында орыс тілінің тиісті орны бар», – деді Тоқаев. Айта кетерлік жайт, ҚХА съезінде қазақстандық блогер Алексей Лодочников сөз сөйлеп, өзінің қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгергенін көрсеткен. Тоқаев қазақша сөйлейтін қазақстандықтарға құрметпен қарайтынын айтты. «Мен мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызды қатты құрметтеймін. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, бұндай азаматтар мыңдап саналады, оларға қолдау көрсету керек деп есептеймін», – деді Тоқаев.

Nur.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»